Хұсайынов Шахмет

15 августа 2012 - Администратор

 Хұсайынов Шахмет
(1906 - 1972)

   Хұсайынов Шахмет 1906 жылы 12 мамырда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Қаратал ауылында туып, 1972 жылы 30 мамырда Алматы қаласында дүниеден өткен. Драматург, жазушы.
   1925-1928 жылдары Қызылжар (Петропавл) педагогикалық техникумында оқыды. 1929-1934 жылдары аудандық, Көкшетау, Қарағанды облыстық газеттерінде, "Қазақ әдебиеті" газетінде жұмыс істеді.
  1935-1938 жылдары Мәскеуде А.В.Луначарский атындағы театр институтында режиссерлік факультетте оқыды. 1938-1940 жылдары Қазақ драма театрының әдебиет бөлімін басқарды, 1940-1950 жылдары – Семей, Орал облыстық драма театрларының көркемдік жетекшісі болды. Алматыда Орталық біріктірілген киностудияның редакторы, Қазақ КСР-і ҒА-ның кино өнері секторының аға ғылыми қызметкері болды.
   Ұжымдастыруға арналған алғашқы "Наступление" пьесасы 1932 жылы жариланды. Бұдан кейін «Орақ үсті» (1935), «Шолпан» (1938), «Кеше мен бүгін» (1940; 1930-шы жылдары жазылған "Марабай" пьесасының қайта өңделген нұсқасы) пьесалары жарық көрді. Тарихи-революциялық тақырыптарға арналған «Амангелді» (1936), «Боран» (1940), «Біздің Ғани» (1957), «ӘбуНәсір Әл Фараби» (1972; О. Бодыковпен бірлесе) пьесаларын жазды. "Алдар Көсе" комедиясында (1942) қу тілді, сөз тапқыш бейнесі жасалды. «Көктемгі жел» (1952), «Ертіс жағасында» (1957) пьесаларында адамның жарамсыз қылықтары әшкереленіп, Қазақстанда жұмысшы таптың қалыптасуы тақырыбы қозғалды. Таңдамалы пьесаларының жинағы (1967), үш томдық шығармалар жинағы жарық көрді. (1986-1987).
   Хұсайынов – «Қыз бен жігіт» (1955), «Біз осында тұрамыз» (1957), «Асау Ертіс жағасында» (1959) көркем фильмдерінің киносценарийлерінің авторы (В.Абызовпен бірге).
"Құрмет Белгісі" орденімен, медальдармен марапатталған.

Естелік орындар
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Қаратал орта мектебіне, Ақмола облыстық сазды-драма театрына Хұсайынов есімі берілді.

Библиография
Автордың шығармалары
Жеке басылымдары:


Хұсайынов, Ш. Сырымбет саласында: Пьесалар, киноповестер/ Ш. Хұсайынов.- Алматы: Жазушы, 1967.- 416 бет.
Хұсайынов, Ш. Үкілі Ыбырай: Пьесалар/ Ш. Хұсайынов.- Алматы: Жазушы, 1972.- 320 бет.

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер


Хұсайынов Шахмет: [Қысқ.биогр.анықтама]// Солтүстік Қазақстан облысы: Энциклопедия.- А.: «Арыс», 2006.- 619 бет.
Кондыказакова, М. Истинно национальная драматургия: 100 лет драматургу и режиссеру Шахмету Хусаинову/ М. Кондыказакова// Мысль.- 2006.- № 5.- С. 53-58.
Хусаинов Шахмет: [Крат. биогр. справка] // Литература Казахстана: Энциклопедический справочник.- А.: «Аруна», «Қазығұрт», 2010.- с. 501.
Хусаинов Шахмет: [Крат. биогр. справка] // Северо-Казахстанская область: Энциклопедия.- Изд. 2-е, доп.- А.: «Арыс», 2006.- с. 576-577.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий