Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы

18 июня 2012 - Администратор

 Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы
(1860-1932)

   1860 жылы Көкшетау облысының Володар ауданында кедей ұстаның отбасында дүниеге келген. Бала кезінен өлеңге, әнге әуес болған. Композитор, белгілі әнші және суырып салма ақын, классикалық музыканың танымал өкілдерінің бірі.
Ыбырай молдадан оқып, арабша сауат ашқан. Жас кезінен әнге құмар болып, Ақан сері, Біржан сал, Орынбай, Балуан Шолақ, Тезекбай сынды белгілі қазақ әнші-ақындарынан өнеге алған. Әнге келгенде Ыбырайға тең келетін жан болмаған. Үкілі тебетей киіп жүргендіктен, халық арасында Үкілі Ыбырай деп аталып кеткен.
  Үкілі Ыбырайдың музыкалық мұрасында 40-қа жуық әні бар, солардың ішінде халық арасында кең тараған "Гәкку" (4 нұсқасы бар), "Әр-әр-әй", «Қарақат көз», «Кiдiк-ай», «Дүние», «Шалқыма», «Көкше», «Сүйгенім кете барды қасыма ерiп», «Қалқа бел», «Қал-дырған», «Желдiрме», "Жиырма бес" және т.б. әндер бар. Оның әндері әуенді, оптимистік сарынға және терең ойға толы. Үкілі Ыбырай шығармашылығының шыңы – кең тараған, танымал "Гәкку" әні. "Гәкку" әнінің әуенін Е.Г.Брусиловский "Қыз Жібек" операсында (Жібектің негізгі ариясы), ал «Арарай» әуенін - «ЕрТарғын» операсында (Ақжүністің ариясы) пайдаланды. Алғаш рет Ыбырайдың өлеңдерін А. В. Затаевич пен И. В. Коцык нотаға түсірді. 1969 жылы "Мектеп" баспасы "Ыбырай Сандыбаевтың өлеңдері" деген атпен этнографиялық жинағын жарыққа шығарды. Қазақ КСР ғылым академиясының корреспондент мүшесі, өнертану ғылымының докторы, композитор Б.Г.Ерзакович Ыбырайдың өлеңдерін жинап, оларға нота құрастырды, жинаққа алғысөз жазды.
Үкілі Ыбырай поэзиясы тақырыбы жағынан алуан түрлі. "Қарақат көз" өлеңінде Үкілі Ыбырай жастықты жырлайды. "Бiр қызық, ит жүгiртiп аң ауласа" өлеңінде табиғат сұлулығын, аңшылық пен салт жүрудің қызығын суреттейді. Патша заманында өмір сүрген ақынның бірқатар өлеңдері ("Октябрьдің жеңісі", "Отарба") төңкерістен кейінгі халық бостандығы тақырыбына арналған. 1925 жылы ақын Петропавлға арналған "Қараңғы түн", "Өскен ел" өлеңдерін жазды. Ыбырайдың мұрасында Доскей, Есімбет, Қожахмет және т.б. ақындармен айтыстарында туған көптеген өлеңдер бар. Сәбит Мұқанов "Бостандық туы" газетінде Ыбырайдың өлеңін жариялап, оның шығармашылығына рецензия жазды, ал Ыбырайдың әдеби мұрасын сыншы Е.Ысмайылов зерттеді. Драматург Ш. Құсайынов Ыбырайдың шығармашылығына арнап "Қайран Гәкку" поэмасын, Т.Қажыбаев "Қалдырған" және "Тағдыр" новеллаларын жазды.
Үкілі Ыбырай 1932 жылы 72 жасында тоталитарлық жүйенің құрбаны болды.

Естелік орындар


2012 жылы 9 желтоқсанда Петропавл қаласында Үкілі Ыбырайға ескерткіш орнатылып, шағын баққа есімі берілді.
Ақынның туған жерінде, Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданына қарасты Үкілі Ыбырай ауылында мектептің жанында қола мүсіні орнатылды.

Библиография


Автордың шығармалары
Сандыбайұлы Үкілі Ыбырай. Гәкку: Өлендер.- Астана: Фолиант, 2005.- 184 бет.
Үкілі Ыбырай. Бақшадағы бұлбұл ем..: (Өлеңдер)/ Үкілі Ыбырай// Солтүстік Қазақстан.- 2005.-19 тамыз.-8 б.
 

 

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер


Әкімжанов З. Арқаның ақиығы: (Үкілі Ыбырай туралы)// Солтүстік Қазақстан. - 2005.-19 тамыз.- 9 б.
Мырзахметұлы Е. Үкілі Ыбырай: (Қилы заман құрбаны тағдырының аңызы мен ақиқаты)// Солтүстік Қазақстан. - 2005.- 5 желтоқсан.-7 б.
Мырзахметұлы Е. Үкілі Ыбырай: (Қилы заман құрбаны тағдырының аңызы мен ақиқаты)// Жаңа Сарыарқа.- 2005.-N 6.-57-62 б.
Мырзахметұлы Е. Үкілі Ыбырай// Жаңа Сарыарқа.- 2006.-N 3.-61-67 б.
Салықов К. Үкілі Ыбырай//Егемен Қазақстан.-2003.-25маусым.

Байбек А. Небесный дар: Ибрай Сандыбайулы - акын и певец-импровизатор// Простор.- 2007.- №11.-С.156.
Ермуканов М. Яркий талант казахской степи// Северный Казахстан.- 2010.- 9 декабря.-С.1-2.
Муканов К. Народный акын, певец и композитор: 150 лет акыну Укили Ыбраю// Северный Казахстан.- 2010.- 11 сентября.- С.6.
Не дали акыну допеть// Северный Казахстан.- 2010.- 9 октября.-С.5.
Певец бескрайней степи: [Вечер к 150-летию Укили Ыбырая в Национальной академической библиотеке РК]// Северный Казахстан.- 2010.- 28 сентября.- С.6.
Певец бескрайней степи: К 150 - летию со дня рождения Укили Ыбырая// Северный Казахстан.- 2010.- 28 сентября.- с.6.

Самрат, Ж., Мәлікова, С. Үкілі Ыбырайдың жаңа қырларын ашу парыз [Мәтін] / Ж. Самрат, С. Мәлікова // Egemen Qazaqstan. – 2020.- 23 сәуір.- Б. 13

Укили Ибрай: [Крат. биогр. справка] // Северо-Казахстанская область: Энциклопедия.- Изд. 2-е, доп.- А.: «Арыс», 2006.- с. 561.
Укили Ыбырай Сандыбайулы: [Крат. биогр. справка] // Литература Казахстана: Энциклопедический справочник.- А.: «Аруна», «Қазығұрт», 2010.- с. 487-488.
Укили Ыбыраю посвящается// Северный Казахстан.- 2010.- 7 декабря.- С.1.

 

 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий