Энергетиктер мәдениет сарайы (облыстық қазақ сазды-драма театры ғимараты)

1956 жыл. (Архит.).
Жамбыл Жабаев көшесі 195 мекен-жайында орналасқан.

1956 жылы мәдениет сарайы ретінде салынған. Бірінші қабатта 350 орынды үлкен кино-концертті зал, әкімшілік қосалқы бөлімше болды.Екінші қабатты әкімшілік кабинеттер орналасты. Салтанантты баспалдақ екі қанатқа бөлініп коммуникациялы құрылысқа қызмет етеді. Басты зал орналасқан жерге , екінші қабаттың вестибюлінен ғимараттың оңтүстік қанатына кіруге болады.

2002 жылы, ғимаратты техникаляқ қайта құрудан және бейімдеуден кейін, қайта жөндеу жұмыстары аяқталған соң, онда Солтүстік Қазақстан облысының С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры ашылған болатын.

Ғимарат 20 ғасырдың 50-жылдарындағы кеңес уақытындағы сәулеттің жарқын өкілі болып табылады.

Мәліметтер Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражай қорында, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық мәдениет басқармасында, Петропавл қаласының әкімдігінде және Қазақстан Республикасы әділет минитрлігінің Тіркеу қызметі Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойыша жылжымайтын мүлік орталығында сақталады.

Әдебиеттер: Солтүстік Қазақстан облысы. Энциклопедия. Алматы 2004 305, 435-437 беттер.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий