1931 жыл
Сатпаев көшесі, 37 мекен-жайында орналасқан.
20-30 жылдардағы конструктивизм стиліне тән, үймеленген шартты текшелер түрінде кеңістікті құрылыс және ауыр жоспарлы графикалық композициялы кірпішті екіқабатты ғимарат. Ғимараттың қасбетінде зер мүлдем жоқ. Іргетасы шой тас, қабырғалары кірпішті, сыланған, әктелген.шатыр арқалығы темір бетонды. Негізгі қажетті ауданы 2193,2 шаршы метр. Едендері: цементті, паркетті және ағашты жабу. Шатыры темір. Аралықтары кірпішті, ағашты (сыланған.). Терезелері екіқабатты, ашпалы. Есіктері қималы. Орталық, сумен жылыту. Ғылыми-реставрациялфқ жұмыстар 2011 жылы жүргізілді.
Ғимарат 20-30 жылдардағы кеңес уақытындағы сәулеттің айқын өкілі болып табылады және «конструктивизм» стилінің барлық сипатына ие.
Әдебиеттер: СҚОҚМ Ф. 158 « М. И.Беньюхтың жеке қоры»
Солтүстік Қазақстан облысы. Энциклопедия. Алматы 2004 264, 435-437 б.