Темір жол вокзалының ғимараты
30 июня 2016 - Касенова Марал Игликовна
Комментарии (0)
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |
Персоналийлер
1895 жыл (бірінші кезек); 1904 жыл (екінші кезек). (Архит.).
Вокзал алаңында орналасқан.
Темір жол вокзалының ғимараты екі этапта салынды: бірінші кезектегі құрылыс 1895 жылы желтоқсан айында аяқталды; ғимараттың екінші кезегі (тойхана, темір жол станцияларының көмекші қызметі) 1904 жылы аяқталды.
Ғимарат бірқабатты, кірпіштен қаланған. Кейінгі кезең (шамамен 20 ғ. 50 жылд.), қабырғаның сыртқы бетін сылаған және екі түсті бояумен бояған. Қазіргі уақытта ( Батыс-Сібір темір жол вокзалы магистралінің 100 жылдығына орай) ғимарат қайта қалпына келтірілген және алғашқы жобадай толық сәйкестендірілген.
Ғимарат күрделі пішінді. Әртүрлі бөлек бөлмелер, өздерінің жатық және биіктік өлшемдерімен, өзара біртұтас көлемге біріктірілген, темір жол платформалары бойымен созылған. Ескерткіш ағаш жабынды темірмен жабылған құрылысқа ие.
Ғимарат көпестік шет аймақты қаланың тарихи жоспарының үлгісі , 19 соңы мен 20ғ басында жоспарлы кірпішті құрылысқа әлеуметтік және көлік-өнеркәсіптік мағынада сипаттамасы және қаланың сәулет мұрасы болып табылады.
Мәліметтер Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражай қорында, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық мәдениет басқармасында, Петропавл қаласының әкімдігінде және Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің Тіркеу қызметі Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойыша жылжымайтын мүлік орталығында сақталады.
Әдебиеттер: «Степной край» газеті, 1896 жылғы, № 11
Морозов М. А.Петропавл бойынша. - Алматы, 1981.
Морозов М. А. Петропавлтөңкеріліске дейіңгі әдебиеттер көздерінен. - Л., 1991.
Морозов М.А. Петропавл – Қазақсатнның солтүстік қамалы. – Омбы, 1993.
Осипов Н., Холодков А. «Петропавловское локомотивное депо».
Солтүстік Қазақстан облысы. Энциклопедия. Алматы 2004 200-201 беттер, 435-437 беттер.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |