Су тартқыш ғимараты

1902 жыл (Архит.).
Ущева көшесі 2 мекен-жайында орналасқан.

Ғимарат 1902 жылы салынған. 1903 жылдың қаңтар айынан бастап қолданылып келеді. Су тартқыш Ланкашир жүйесінің екі қазаны қыздыру ауданы 1312 шаршы кезбен, бес сорғы машинасымен, сүзгішпен және тұндырма жандарымен жабдықталған. Су тұнып және хлорланып отырған. Сорғы және суайдағыш машиналар тәулігіне 120 мың шелек су беруге есептелген. Оның тұрақты жұмысына, соның ішінде суды жылтуға, сағатына 7- 10 пұт көмір жұмсалған.

Ғимарат кірпішті екіқабатты, тікүшбұрышты, кірпішті іргетаста қаланған. Ғимараттың бірқабатты бөлігінде – қызметтік бөлме және қазандық. Екінші қабат бойынша негізгі қасбеттері үшбұрышты үшкір маңдайшамен безендірілген.

Ескерткіш 20 ғ. басындағы шет аймақтық қала сипатына су жүргізу жүйесі бөлігінің үлгісі болып табылады.

Мәліметтер Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражай қорында, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық мәдениет басқармасында, Петропавл қаласының әкімдігінде және Қазақстан Республикасы әділет минитрлігінің Тіркеу қызметі Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойыша жылжымайтын мүлік орталығында сақталады.

Лит.: Личный архив краеведа Молоткова И.Н.
Морозов М. А. По Петропавловску. - Алма-Ата, 1981.
Морозов М. А. Петропавловск в дореволюционных литератур¬ных источниках. - Л., 1991.
Морозов М.А. Петропавловск – северные ворота Казахстана. – Омск, 1993.
Северо-Казахстанская область. Энциклопедия. Алматы 2004 с. 435-437.
Семенов А.И. Город Петропавловск за 200 лет.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий