Есілдің оң жағасында, Қаратал ауылына жақын жерде 2009 жылы Шал ақынның құрметіне стела ашылды.
Шал ақынның ұрпақтарының бірі, "Нұр Отан" ХДП филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тұрар Сейітжанов жерлестеріне Шал ақын және оның шығармашылығы барша түркітілдес халықтарға тиесілі екенін айтып өтті. Өз шығармаларында Шал ақын қарапайым адамдардың мүдделері мен армандарын білдіруші ретінде көрінеді. Ол ұлы Абайдан тұтас ғасыр бұрын қазақ жазбаша әдебиетінің ары қарай дамуына негіз салып кетті. Тұрар Сейітжанов Шал ақынның өлеңдерін оқи отырып, ақын өлеңдерін Шоқан Уәлиханов жоғары бағалағанын еске салды.
Сонымен қатар, ол 1998 жылы Бәйкен Әшімов, Герольд Бельгер, Кәкімбек Салықов, Аманжол Қошанов және тағы басқа қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен ақындар Президент Н.Ә.Назарбаевқа хат жазып, Сергеев ауданын Шал ақын ауданы деп өзгертуді сұрағанын айтты. Бұл туралы шешім сәйкес жарлықпен бекітілді. 2000 жылы ауданға қырғыз емшісі Алмас әулие келіп, осы жерде киелі адам жерленгенін, оған ескерткіш орнату керектігін айтқан болатын.
Сергеевка қаласының орталық алаңында Шал ақынның мүсіні орнатылды, ал жергілікті суретші Б.Рамазановтың қолынан шыққан екінші мүсін Қаратал ауылындағы Мәдениет үйінің алаңының сәнін келтіріп тұр.