Сауда үйінің ғимараты

 Ағайынды Княгинечевтер үйі
1911-1915 жж.; 1956 ж. (Архит.).

Қазақстан Конституциясы көшесі, 12 мекен-жайында орналасқан (Жұмабаев көшесінің бұрышы).

Ғимарат екі көлемнен тұрады: бірінші көлем-1911-1915 жылы ағайынды Княгинчевтер қаражатына салынған екі қабатты ғимарат, ол үйді жалға беріп отырған. Ғимарат дүкен ретінде пайдаланылды. Москатель, дәріханалық, қеңсе және т.б. тауарлармен сауда жасаған. Черемисинов дүкені екеуінің арасында төңкеріліске дейінгі уақытта сауда дүкендері орналасқан.
Кеңес уақыты кезінде ғимаратты қонақ үй ретінде иеленген. Оның ауданының кеңейуіне Петропавл «Казгинрогорстрой» филиалымен стоматологиялық емхана мұқтаждығы үшін жоба әзірленген және 1954–56 жылдары – ескі қонақ үй ғимараты мен бұрынғы Черемисинов дүкені ғимараты арасында ескерткіштің екінші бөлігі салынды (Қазақстан Конституциясы көшесі, 10).

Ескерткіш екі қабатты, тікбұрышты пішінді, кірпіштен қаланған ғимарат. Жабын құрылысы ағаш, темір жабынмен қапталған. Ғимарат іші де сырты да сыланған. Қабаттар арасындағы байланыс баспалдақ арқылы жүзеге асады.

Ескерткіш «модерн» стилінің кейбір элементтерімен «классицизм» стилінде салынған.

Ғимарат көпестік шет аймақты қаланың тарихи жоспарының үлгісі , 19-20ғғ басында шет аймақты көпес қаласының жоспарлы кірпішті құрылысқа сауда және қызметтік сипаттама болып табылады және қаланың сәулет мұрасы болып табылады.Ғимарат Петропавл қ. экскурсиялық объект ретінде қызығушылық танытады.

Мәліметтер Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражай қорында, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық мәдениет басқармасында, Петропавл қаласының әкімдігінде және Қазақстан Республикасы әділет минитрлігінің Тіркеу қызметі Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойыша жылжымайтын мүлік орталығында сақталады.

Ғимарат Петропавл қалалық атқару комитеті шешімімен қорғауға алынған 18.03.82 ж. (№ 115).

Әдебиеттер: СҚОҚМ 158 Қ. «М. И. Бенюхтың жеке қоры»
Өлкетанушы Н.Н.Молоткованың жеке мұрағаты
ҚОМ ҚР 566 Қ. «қалалық басқарма. 1861–1918жж.»
ҚР мем. Жекеменшікті басқару бойынша Комитеті (Расстегняев)
Солтүстік Қазақстан облысы.Энциклопедия. Алматы 2004 393, 435-437 беттер.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий