Романов училищесі

1915 жыл
Театральная көшесі, 42 мекне-жайында орналасқан.
Сәулетші С.А. Гранильщиков.
1915 жылы құрылысы аяқталған, сулы жылытуымен 1913 жылы қалалық басқарма рұқсатымен Романов үйінің 300жылдығына орай үй шіркеуімен екі қабатты қалалық училище салу басталды.
Екі қабатты сулы жылытуы бар ғимарат үй шіркеуі жаңалық болды. Астыңғы және үстіңгі қабаттардағы бөренелер темір бетонды, едені вестибюльді, залда және кіреберіс жерде-бетонды, ал бөлмелерде ағаш.
1917 жылдан кейін ғимаратта екінші деңгейлі мектеп және басқа да оқу мекемелері орналасты. 1942 жылы Ленинградтан механика-конструкторлық кеме жасау техникумы көшірілді, кейін механикалық техникум болып қайта құрылды.
Қазіргі уақытта онда экономикалық-техникалық білім кешені (колледж) орналасқан.
Ғимарат көпестік шет аймақты қаланың тарихи жоспарының үлгісі , 20 ғ басында жоспарлы кешенді кірпішті құрылысқа сипаттама болып табылады.
Материалдар Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражай қорында, Солтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімінде, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде, Петропавл қаласының әкімдігі және Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінің тіркеу қызметі Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығында сақталады.

Әдебиеттер: Өлкетанушы Молоткованың жеке мұрағаты.
М.А.Морозов Петропавл төңкеріліске дейінгі әдебиет көздерінен – 1991
М.А.Морозов Петропавл-Қазақстанның солтүстік қамалы.-Омбы,1993
М.А.Морозов Петропавл бойынша-Алматы, 1981.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий