1903 жыл
Булавский көшесі 6 мекен-жайында орналасқан.
1903 жылы нақты училищенің мұғалімдері тұруға арналған арнайы ғимарат ретінде салынған. 1Бір кездері оның жанында спорттық алаң болған. Кеңес уақытында бұл құрылыс негізінен бұрынғы нақты училище корпусын иеленген оқу мекемелерінде өндірістік шеберхана ретінде қолданды.1917 жылдан кейін әртүрлі білім мекемелері, ал 80-90 жылдары оқу өнеркәсіптік шеберхана болды.
Пішіні жағынан Г тәріздес, бір қабатты, кірпіштен қаланған ғимарат. Ғимарат фасады кірпіштен қаланған сәндік элементтермен безендірілген.
20ғ. басында сәулет ескерткіші ретінде қызығушылық тудырған, қаланың тарихи төңкеріс құрылысына кіреді.
Материалдар Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражай қорында, Солтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімінде, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде, Петропавл қаласының әкімдігі және Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінің тіркеу қызметі Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығында сақталады.
Халық депутатары Кеңесінің атқару комитетінің шешімімен оқу-өндірістік комбинаты ғимараты кешенімен қорғауға алынған. (79 жылдың 11 қарашасындағы № 478).
Әдебиеттер: Н.Н.Молоткованың жеке мұрағаты.
М.А.Морозов Петропавл төңкеріліске дейінгі әдебиет көздерінен – 1991
М.А.Морозов Петропавл-Қазақстанның солтүстік қамалы.-Омбы,1993.
Солтүстік Қазақсатн облысы.Энциклопедия.Алматы,2004 435-437 б.