Покровский соборының ғимараты (бұрынғы Покровский шіркеуі)

1813 жыл. (Архит.).
Коминтерн көшесі, 37 мекен-жайында орналасқан.

1803 жылдың 18 қазанында, Петропавл қаласының тау бөктері жағында тасты Покровский шіркеуі орналасқан болатын. 1812 жылы ғимарат негізіне дейін бұзылып, сол жерге қайта құрылған жоспар бойынша, үлкен өзгерістермен, 1813 жылдың 22 қазанында үш шекті: Покровскимен, Никольскимен және Петровскимен жаңа тасты шіркеу салынды.

Құрылыс кірпішті.Кеңес уақытында әктелген және сыланған.Негізі екі нысаннан құралған – шіркеудің өзінен және қоңырауханадан.

Тұтастай, ескерткіш «русский барокко» стилінде орындалған діни құрылыстың мысалы болып табылады, және кейінгі қайта құруларға және жөндеуге қарамастан , барлық негізгі сипаттамаларды сақтаған.

Ғимарат Петропавлдың төңкеріліске дейінгі сәулеттің ескерткіші болып табылады. Ғимарат көпестік шет аймақты қаланың тарихи жоспарының үлгісі , 19ғ соңына шет аймақты көпес қаласының жоспарлы кірпішті құрылысқа сипаттама болып табылады және қаланың тарихи мұрасы болып табылады.

Мәліметтер Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражай қорында, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық мәдениет басқармасында, Петропавл қаласының әкімдігінде және Қазақстан Республикасы әділет минитрлігінің Тіркеу қызметі Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойыша жылжымайтын мүлік орталығында сақталады.

Әдебиеттер: СҚОҚМ 158 Қ. «М. И. Бенюхтың жеке қоры»
Морозов М. Петропавл төңкеріліске дейінгі әдебиет көздерінен. Очерктер. – Ленинград, 1991.
Скальский С.К. «Омская епархия», 1900 ж.
ҚР мем.меншікті басқару жөніндегі Комитет (Расстегняев)
Солтүстік Қазақстан облысы. Энциклопедия. Алматы 2004 . 393, 435-437 беттер.
Отец Сергий

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий