Пирогов мердігердің үйі (облыстық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері ғимараты)
30 июня 2016 - Касенова Марал Игликовна
Комментарии (0)
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |
Персоналийлер
ХХ ғасырдың басы (Архит.).
Букетов көшесі, 14 мекен-жайында орналасқан.
Ғимарат ХХ ғасырдың басында мердігер Г.И. Пироговпен салынып, оны қалалық басқармаға училище үшін жалға берген. Сол себептен ғимаратпен бірге жоғарғы бастауыш әйелдер училищесі халықтан «Пироговское» атауын алды. 1916 жылы Петропавлдың социалисттер-революционерлер партиясының комитеті және кітапхана орналасты, осы жерде партиялық әдебиеттер сатылды. 1939 жылдың 29 қарашасынан бастап, қалалық атқару комитетінің қаулысына сәйкес, ғимаратта қалалық емхана орналасты. 1985 жылы ғимарат облыстық дәрігерлік-денешынықтыру диспансерге берілді.
Екі қабатты кірпішті ғимарат Г- тәрізді пішінді. Іргетастары кірпішті, таспалы, жабыны- ағаш, едені - тақтайлы. Төбесі темір. Терезе ойықтары екеуден, жабық, жарма. Бөлменің орташа биіктігі 3,5 м. Жарамды ауданы 656 шаршы метр, негізгі – 324 шаршы метр. Жабын ойықтары - жақ тәрізді.
Ғимарат көпестік шет аймақты қаланың тарихи жоспарының үлгісі , 20ғ басында шет аймақты көпес қаласының жоспарлы кірпішті құрылысқа сипаттама болып табылады және қаланың сәулет мұрасы болып табылады.
Мәліметтер Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражай қорында, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық мәдениет басқармасында, Петропавл қаласының әкімдігінде және Қазақстан Республикасы әділет минитрлігінің Тіркеу қызметі Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойыша жылжымайтын мүлік орталығында сақталады.
Ғимарат облыстық әкімшілік басшысының қаулысымен қорғауға алынды. ( 23.03.94 ж. № 60 ).
Әдебиеттер: ГАСКО Ф. 158 «М. И Бенюхтың жеке қоры»
Семенов А.И. Петропавл қаласы 200 жыл ішінде.
Морозов М. А. Петропавл бойынша . – Алматы, 1981.
Морозов М. А. Петропавл төңкеріліске дейінгі әдебиет көздерінен. - Л., 1991.
Морозов М.А. Петропавл – Қазақстанның солтүстік қамалы. – Омбы, 1993.
Солтүстік Қазақстан облысы. Энциклопедия. Алматы 2004 435-437беттер.
Н.Н.Молоткованың мәліметтері
«Приишимье» газеті 6 шілде 1917 жыл.
«Степная речь» газеті 1 тамыз 1917 жыл , № 76
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |