Үкілі Ыбырай ескерткіші — Литературная карта "жемчужина севера"

Үкілі Ыбырай ескерткіші

3 сентября 2012 - Администратор

   Петропавл қаласының орталығында Үкілі Ыбырайға арналған ескерткіш пен шағын бақ ашылды. Оның ашылу рәсіміне көп қонақтар, соның ішінде атақты ақынның шөбересі де қатысты.
   Үкілі Ыбырай шығармашылығы – қазақтың музыкалық және ақындық мұрасының жарқын беті, оның «Гәкку», «Арарай», «Дүние», «Көкше» сияқты туындыларын көпшілік жақсы біледі. Ақын өмірі біздің жерімізбен тікелей байланысты, оның балалық шағы Айыртау ауданында өтті. Қазір ақын туған   Өскен ауылына Үкілі Ыбырайдың есімі беріліп, мүсіні орнатылды.
   Кәкімбек Салықов отызыншы жылдары Үкілі Ыбырай халықты аштықпен қинаған билікті сынағаны үшін халық жауы атанып, Петропавл түрмесінде қаза тапқанын еске салды. Ақын есімі ақталғаннан бері 50 жыл өтті. Ескерткіштің авторы - Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры Мәлік Жүніспаев.
   Облыстық типографияның жанындағы шағын бақта да көп жұмыс атқарылып, шыршалар отырғызылды, тас төселді.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий