Облыстық драма театры

1972 жыл

Қазақстан Конституциясы көшесі, 1 мекен-жайында орналасқан.

Ғимарат 1972 жылы салынған. Құрылыста «Гипротеатр» интитутымен Нальчик қаласы үшін құрастырылған жоспар қолданған. (Мәскеу, 1963 жыл). «Целинпроект» институты филиалының Петропавл қаласының шарттарымен тіркелген және қайта жасалған (1966 жыл). Ғимарат Петропавл қаласы үшін сәулетті және тарихи маңыздылықты табыстаушы ғимараттар кешенімен бірге Октябрьский алаңыда орналасқан. Сонымен қатар, драма театрдың көрермендер залы Петропавл қаласының басты концерт залы болып табылады.

Үш қабатты, үшбұрышты жоспарланған ғимарат. Негізгі өлшемдері 34х78 м, биіктігі – 14 м. Басты қасбеті екінші қабаттың бойындағы витраждар тік пилондармен байланысқан. Бірінші қабат бойынша тұтас әйнектеу көзделген. Саңылаусыз жазықтықтар сәндік қаптайтын кірпіштермен қапталған. Вестибюльдің ішкі өңдеуінде сграффито мен гипсокартон қолданған.Сахна ерделеріне түскілемді мата қолданған. Негізгі құрылыстар – темір бетонды, көтергіш қабырғалар және аралықтар – кірпішті.Ғимарат шатыры темір. Қазіргі уақытта басты қасбет фронтоны және бүйір саңылаусыз жазықтықтары алюкобонд тақталармен қапталған.

Ғимарат ХХ ғасырдың ортасындағы сәулет стилі ғимаратының сипатына тән, қоғамдық тағайындаудың жоспарлы кешенді кірпіштен салынғанын сипаттайды және қаланың сәулеттік мұрасы болып табылады.

Әдебиеттер: Солтазаматжоспар институтының мұрағаттық материалдары.

Солтүстік Қазақстан облысы. Энциклопедия. Алматы 2004, 435-437, 533-534б.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий