Мердігер Малаховтың үйі

 XIX ғасырдың соңы (Архит.).
Жамбыл көшесі, 254 мекен-жайында орналасқан.

Кірпіш зауытының мердігері Александр Николаевич Малахов Жамбыл көшесінде өзіне бірқабатты кірпішті үй салып алды.Кеңес уақытында онда әртүрлі тұрғын үй шаруашылығының мекемелері орналасты, кейін бұл үй тұрғын үй қорына тапсырылған. Қазіргі уақытта 4 пәтер иесі тұрады, бір пәтер коммерциялық қызметке тапсырылған.
Кірпішті, бірқабатты , сыланбаған үй.Терезелері тікбұрышты жақ тәрізді. Шатыры төрт жағына сырғымалы. Бүгінгі күні үй қайта жөнделген.

Ғимарат көпестік шет аймақты қаланың тарихи жоспарының үлгісі , 19 ғасырдың соңы мен 20ғ басына шет аймақты көпес қаласының тұрғын үй ғимараттарына және кірпішті кешенді құрылысқа сипаттама болып табылады және қаланың сәулет мұрасы болып табылады.

Мәліметтер Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражай қорында, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық мәдениет басқармасында, Петропавл қаласының әкімдігінде және Қазақстан Республикасы әділет минитрлігінің Тіркеу қызметі Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойыша жылжымайтын мүлік орталығында сақталады.

Ғимарат Петропавл облыстық атқару комитетінің шешімімен қорғауға алынды. (23.03.94 ж. № 60).

Әдебиеттер: Семенов А.И. Петропавл қаласы 200 жыл ішінде
Морозов М. А. Петропавл бойынша. - Алматы, 1981.
Морозов М. А. Петропавл төңкеріліске дейінгі әдебиет көздерінен - Л., 1991.
Морозов М.А. Петропавл – Қазақстанның солтүстік қамалы – Омбы, 1993.
Солтүстік Қазақстан облысы. Энциклопедия. Алматы 2004 435-437 беттер.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий