Мектеп ғимараты, 1935 жыл. (Архит.).
30 июня 2016 - Касенова Марал Игликовна
Комментарии (0)
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |
Персоналийлер
Қазақстан Конституциясы көшесі 39 мекен-жайында орналасқан.
Ғимараттың құрылысы типтік жоба бойынша 1935-дан 1938 жылға дейін жүргізілді және мектепке тиесілі болды. 1935–36 оқу жылдарында В.И.Ленин атындағы № 1 мектеп бұл ғимаратқа ие болып оны 40 жыл иеленді.
Дәліз жүйелі екіқабатты ғимарат тіктөртбұрышты пішінді.20 ғасырдың 50-ші жылдарында салынған үш қабатты кірпішті жанама салу жылы өткел арқылы жалғанған. Бөлменің орташа биіктігі - 3,9м, іргетасы – кірпішті. Қабырғалары мен қалқалары кірпішті 2,5 кірпіштен, сыланған және боялған. Жабыны тақтайлы. Төбесі темір. Едені тақтайлы.Терезе ойықтары екіжақты, тікбұрышты пішінді.Пайдалы алаңы – 1356,2 шаршы метр, негізгі - 776,5 шаршы метр. Қабырғаны сәулетті рәсімдеу элементтерінен төрт қырлы ұстын мен жақтаулы жабынды қабырғалар бар.
Қазіргі уақытта ғимаратта қалалық жалпы білім беретін № 1 лицей орналасқан.
Ғимарат 20 ғасырға тән, оқу белгілері оның орталық бөлігіндегі жоспарлы кешенді кірпішті құрылыс қаланың тарихи жоспарының үлгісі болып табылады.
Мәліметтер Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражай қорында, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық мәдениет басқармасында, Петропавл қаласының әкімдігінде және Қазақстан Республикасы әділет минитрлігінің Тіркеу қызметі Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойыша жылжымайтын мүлік орталығында сақталады.
Әдебиеттер: Давлеткельдиева Р.Г. Мектеп, тарих беттері. – Петропавл, 1986.
Солтүстік Қазақстан облысы. Энциклопедия. Алматы 2004 435-437 беттер.
ҚР мем.меншікті басқару бойынша Комитеті (Расстегняев)
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |