М.В.Ломоносов атындағы №21 орта мектеп

1956 жыл

Тоқсан би көшесі, 102 мекен-жайында орналасқан.

1956 жылдың 31 тамызында «Жаңа ғимаратта № 21 орта мектебін ашу және оған М.В.Ломоносов атын беру туралы» қалалық атқару комитетінің № 470 шешімі қабылданды. Мектеп 1956-1957 оқу жылдары екінші тоқсанының алғашқы күндерінде оқушыларды қабылдады. 1957 жылдың 19 қазанында оқушыларға С.Мұқанов қонаққа келді.

Дәліз жүйелі жоспарланған, симметриялы құрылысы бар, төрт қабатты кірпішті ғимарат. Бірінші қабат қосымша ретінде, екінші кезектегі мұқтаждық үшін бейімделген. Бірінші қабаттағы терезелер екі-екіден жұптастырылған және жартылай дөңгелек болып аяқталған. Жоғарғы қабаттарда әрқайсысы үлкен үш тікбұрышты пішінді терезе ойықтары бар, сынып бөлмелері орналасқан. Қасбетінің зері ұстамды, азиялық сәулетінің кейбір әлсіз беті бар, терезе ойықтары бөлігінің үшбұрышты жақтаушалары тәрізді қағылған. Терезе ойықтарының арасында елуінші жылдар символикасына тән, бес бұрышты жұлдыздар орналасқан.

Ғимарат ХХ ғасырдың 50 жылдарындағы азаматтық сәулет ескерткіші ретінде қызығушылық тудырады.

Әдебиеттер: Солтүстік Қазақстан облысы. Энциклопедия. Алматы 2004, 435-437 б.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий