1904-1905 жж.
Тоқсан би көшесі 64 мекен-жайында орналасқан.
Ескерткіш-ХХ ғ басындағы сәулетті аса үлкен өнеркәсіптік салулардың бірі. Оны диірмен иесі-кәсіпкер Мұратов 1904 ж салған. 1905 жылы жұмыс істей бастады. ХХ ғ. 20 жылдарында диірмен мемлекет меншігіне айналған және мемлекетке тапсырылған. Диірмен қоймалары 1905 ж диірменмен кешенді түрде салынған. Шаруашылық бөлме ретінде қолданылды. 1922-1923 жж. мемлекет меншігіне айналғаннан кейін, диірмен ғимаратында жастар клубы орналасты. Қазіргі уақытта қойма бөлмелері сауда алаңы ретінде қолданылады.
Ғимарат Интернационал көшесі жағынан қазіргі заманға сай құрылысқа ие.
Ғимарат-бірқабатты, жоспарланған тікбұрышты, кірпіштен жасалған, қазіргі уақытта Шатыры домаланған, темір шатырмен қапталған, Тоқсан би көшесі жағынан сәндік үшкір маңдайша бар.
Ғимарат көпестік шет аймақты қаланың тарихи жоспарының үлгісі , 19-20ғғ басында шет аймақты көпес қаласының жоспарлы кірпішті құрылысқа сауда және қызметтік сипаттамасы және қаланың сәулет мұрасы болып табылады.
Әдебиеттер: Өлкетанушы И.Н.Молоткованың жеке мұрағаты.
М.А.Морозов Петропавл бойынша.-Алматы,1981ж.
М.А.Морозов Петропавл төңкеріліске дейінгі әдебиет көздерінен.-Л.,1991ж. М.А.Морозов Петропавл-Қазақстанның солтүстік қамалы,-Омбы, 1993ж. Солтүстік Қазақстан облысы. Энциклопедия. Алматы, 2004, 435-437 б.