Көстел ғимараты, ксендза үйі
30 июня 2016 - Касенова Марал Игликовна
Комментарии (0)
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |
Персоналийлер
Қазақстан Конституциясы көшесі, 43 мекен-жайында орналасқан.
ХХ ғасырдың басында салынған. (шамамен 1911 жылы). Қаланың католиктік дінге сенген тұлғалардың жоғары сатыдағылармен храм салу туралы өтініш жазбалары сақталған. Ғимарат салынып болғаннан кейін, бірнеше себептерге байланысты, бастапқы тағайындау бойынша қолданылмады, және тұрғын үй жай болды, 1956 жылдың қазан айынан бастап ғимаратта балабақша орналасты, ал храм ретінде аулада тұрған ағаш ғимаратты қолданды. Жексенбі күндері католик балаларын оқытуға арналған жексенбілік мектеп жұмыс істеді. 1999 жылдың 30 сәуірінен бастап Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті 1998 жылдың 14 қыркүйегіндегі облыс әкімдігінің «ескерткіш-ғимараттарды жекеменшікке сату туралы» № 194 шешімі негізінде Ленин көшесі 43, 43а мекен- жайында орналасқан ескерткіш-ғимаратты қайтарымсыз «Святая Троица» Римдік-Католиктік келуге берілді.
Бірқабатты күрделі пішінді ғимарат. Қасбетінде түгелдей зер жоқ. Қызықты сәулеттік элемент лоджия болып табылады. Ғимараттың пластигін кеңістік эементі ретінде байытады.
Ғимараттың жоспарлы құрылысы католиктік діни салуларды сипаттайды. 20 ғасырдың басындағы діни сәулеттік ескерткіш ретінде қызықты.
Мәліметтер Солтүсті
Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражай қорында, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық мәдениет басқармасында, Петропавл қаласының әкімдігінде және Қазақстан Республикасы әділет минитрлігінің Тіркеу қызметі Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойыша жылжымайтын мүлік орталығында сақталады.
Әдебиеттер: СҚОҚМ 158 Қ. «М. И. Бенюхтың жеке қоры»
Қаланың көптен тұратын тұрғындардың еске алулары. (К.С. Ушков, Р.Г. Давлеткильдеева, М.Г. Максютова, А.В. Довженко, А.И. Молоткова, М.И. Бенюх).
Солтүстік Қазақстан облысы. Энциклопедия. Алматы 2004 354-355, 435-437 беттер.
Петропавл бойынша анықтама, 1925ж., 21-23 б.
ЦТИА 221 Қ., 125 тізімдеме, 1002 іс, 1-13 беттер.
ҚОМ КазССР 64 Қ. ( 1901ж. екінші жартысы)
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |