Көпестік клубы

1906 жыл
Театральная көшесі 38 мекен-жайында орналасқан.
Көпестердің жиналысына арналған ғимарат 19 ғ соңында салынған. Сонымен қатар Петропавлға гастрольмен келген труппалар спектакл қоюда қолданған. Кешірек, 1906 жылы оған драм театр ғимараты жалғастырылып салынған.1972 жылы ғимарат кәдесый фабрикасына, ал 1993 жылы қала маңындағы орман шаруашылығына берілген. 1999 жылы бастап жеке меншікте және онда жиһаз жасау фабрикасы орналасқан.
Жоғалған элементтер жоқ. Басында ғимарат сыланбаған болатын. Қазіргі уақытта өте ертедегі құрылысы ғана бар.
Ескерткіш-тікбұрышты, бір-екі қабатты ғимарат. Кірпіштен қаланған, төбе шатыры шипрмен қапталған. Жабын құрастырылымы ағаш, темір жабынмен қапталған. Көрермендер залы-екіжарықты. Бай темір қоршауы бар ішкі кең баспалдағы назар аударады.
Ғимарат көпестік шет аймақты қаланың тарихи жоспарының үлгісі , 19-20ғғ басында шет аймақты көпес қаласының жоспарлы құрылысқа сипаттама болып табылады және қаланың сәулет мұрасы болып табылады.

Әдебиеттер: М.А.Морозов Петропавл бойынша – Алматы,1981.
М.А.Морозов Петропавл төңкеріліске дейінгі әдебиет көздерінен – 1991
М.А.Морозов Петропавл-Қазақстанның солтүстік қамалы.-Омбы,1993.
Солтүстік Қазақсатн облысы.Энциклопедия.Алматы,2004 435-437 б.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий