Көпес үйі, 19 ғ соңы

Парк көшесі 132 мекен-жайында орналасқан.

1917 жылдан кейін көпес тұрғын үйі мемлекет меншігіне айналып балалар үйіне берілген. Әр жылдары ғимарат әскери комиссариат қызметкерлері үшін тұрғын үй ретінде қолданған. Сосын, бұл ғимаратта уақытша қалалық кітапхана филиалы орналасты, қалалық халықтық білім бөлімінің балалар саябағы. Қазіргі уақытта онда «Архфонд» дизайнерлік-сәулеттік кеңсе орналасқан.

Тікбұрышты, кіші көлемді, бөренелі ғимарат, бір отбасылық үйге арналған. Жартылай жертөлелі, кірпішті қабат ғимаратты жауын-шашыннан сақтап қалған. Қасбет қашап жасалған жақтаушалармен безендірілген және қашап жасалған бағаналармен қымбат сәндік кіретін есік, парапетпен, саңылаусыз терезелер безендірілген. Қасбет зері «орыс» стиліне тән.Іргетасы кірпішті, ленталық, сыланған және әктелген. Қабырғасы –ағаштан бұтаулы.Шатыры темір,ағашты керегелі. Едені тақтайлы.
Ескерткіш ХХ ғ. соңындағы орыс тұрғыни сәулетінің бір үлгісі болып табылады.Ұқсас үйлер Петропавл қаласында 19 ғ. соңы мен 20 ғ. басында салынған және олар «тоғышар үйі» немесе «мещандық үй» деп аталды.

СҚОММ, қ. 55, т. 1, іс 350, 202 бет.
СҚОММ қ. 158, т. 1, «М.И. Бенюхтың жеке қоры»
ҚазӘКМ ОММ материалдары, қ. 342, т. 1 іс 3 бет 68-30 іс. 167, бет. 1-113.
М.А.Морозов Петропавл бойынша - Алматы, 1981.
М.А.Морозов Петропавл төңкеріліске дейінгі әдебиет көздерінен - 1991.
М.А.Морозов Петропавл –Қазақстанның солтүстік қамалы – Омбы, 1993.
Солтүстік Қазақстан облысы. Энциклопедия. Алматы 2004 435-437 беттер.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий