Көпес Турлаповтың үйі — Литературная карта "жемчужина севера"

Көпес Турлаповтың үйі

1900 жыл
Қазақстан Конституциясы көшесі,52 мекен-жайында орналасқан.
Жеке кәсіпкер Тұрлаповтың тұрғын үйі 1900 ж. салынған. Аулада шағын қойтерісінен тондар тігу зауыты орналасты. 1917 ж. кейін үйде тұрғын бөлмелер болған. Кеңес уақытында дүкен орналасқан. Қазіргі уақытта-тойхана. Ғимараттың сыртқы сәндігінде жоғалғандар жоқ

Іргетасы кірпіштен қаланған , бірқабатты, жоспарланған тікбұрышты пішінді, өлшемі 19*10 м, кірпішті, сыртқы қабырғаларының қалыңдығы 710 мм ғимарат. Жабын құрастырылымы ағаштан жасалған. Ғимарат қасбеті кірпішті қалаумен сәндік элементтермен безендірілген. "Жақ тәрізді" пішінді қалау терезе ойықтарын аяқтайды. Ернеудегі босату элементтері, сонымен қатар терезелердегі жақтаулар, ертедегі орыс стильінде жасалып сипатталған.

Ғимарат көпестік шет аймақты қаланың тарихи жоспарының үлгісі , 19-20ғғ басында шет аймақты көпес қаласының жоспарлы кірпішті құрылысқа сауда және қызметтік сипаттама болып табылады және қаланың сәулет мұрасы болып табылады. Ғимарат Петропавл қ. экскурсиялық объект ретінде қызығушылық танытады.

Әдебиеттер: СҚОҚМ ф. 158 "М.И.Бенюхтың жеке қоры".
Сәулет доценті В.М.Рутовскийдің қорытындысы.
Өлкетанушы Н.Н.Молоткованың жеке мұрағаты.
М.А.Морозов Петропавл бойынша,-Алматы,1981ж.
М.А.Морозов Петропавл-Қазақстанның солтүстік қамалы, - Омбы, 1993 ж.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий