Көпес Стреловтың үйі, 1891 жыл

 Қазақстан Конституция көшесі, 44 мекен – жайында орналасқан.
Ескерткіш-Стрелов көпестің үйі болған-ХХ ғ. соңында салынған. Кеңес уақытында бұл ғимаратта Солтүстік Қазақстан облыстық әскери комиссариат болған. Ғимараттың біріншіқабаты көп жылдар бойы өндірістік тауарлар дүкені болды.30-70 жылдары ғимаратты облыстық әскери комиссариат иеленді.ХХ ғ.80жылдары ғимаратты өлкетану мұражайын ұйымдастыруға берді.Осы кезден бастап ескерткіш болашақ тарихи-өлкетану мұражайының экспозициялық кеңістігінің ғимарат кешеніне енді.2005 ж қайта құру және қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды.
Ғимарат-Г-тәрізді пішінді, екіқабатты. Сыртқы қабырғасының қалыңдығы 710 мм,күйген кірпіштен қаланған. Қабаттар арасындағы байланыс ішкі баспалдақ арқылы жүзеге асады.Жалпы ауданы-417,12 шаршы метр.Ғимараттың сәулеттік келбеті(өңі) 19 ғ соңы-20ғ басына-"Эклетика" ағымына тән.
Ғимарат көпестік шет аймақты қаланың тарихи жоспарының үлгісі , 19-20ғғ басында шет аймақты көпес қаласының жоспарлы кірпішті құрылысқа сауда және қызметтік сипаттама болып табылады және қаланың сәулет мұрасы болып табылады. Ғимарат Петропавл қ. экскурсиялық объект ретінде қызығушылық танытады.

Әдебиеттер: СҚОҚМ ф. 158. "Бенюхтың жеке қоры".
Өлкетанушы Н.Н.Молоткованың жеке мұрағаты.
ҚР ОҚМ ф.566. "Қалалық басқарма.1861-1918жж.".
М.А.Морозов Петропавл бойынша -Алматы 1981ж.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий