Көпес Стреловтың дүкені

Қазақстан Конституция көшесі, 46 мекен-жайында орналасқан.
Ғимарат Стрелов көпеспен дүкен орналастыру үшін салынған. Кеңес уақытында бұл ғимаратта балалар кітапханасы, қалалық өндірістік тауар сату дүкені, кейін "Комсомолка" тігін фабрикасының бір цехы болған.
Ғимарат-бірқабатты, жоспарланған тіктөртбұрышты пішінді, кірпішті, сыртқы қабырғаларының қалыңдығы 710мм, кірпішті іргетаста салынған. Жабу құрылысы және шатыры-ағаш.Шатыр темір жабынмен қапталған. Ғимарат қасбеті кірпіштен қаланған сәндік элементтермен безендірілген. Ғимаратқа кіру үшін екі есік бар, біріншісі Қазақстан Конституциясы көшесі жағынан, орталық, екіншісі аула жағынан. Қазіргі уақытта ескерткіш облыстық тарихи-өлкетану мұражай ғимарат кешеніне енгізілген. Онда қазақ халқының этнографиясына арналған экспозиция орналасқан. Жалпы ауданы 220,08 шаршы метр.
Ғимарат көпестік шет аймақты қаланың тарихи жоспарының үлгісі , 19-20ғғ басында шет аймақты көпес қаласының жоспарлы кірпішті құрылысқа сауда және қызметтік сипаттамасы және қаланың сәулет мұрасы болып табылады. Ғимарат Петропавл қ. экскурсиялық объект ретінде қызығушылық танытады.

Әдебиеттер: СҚОҚМ ф. 158. "Бенюхтың жеке қоры".
Өлкетанушы Н.Н.Молоткованың жеке мұрағаты.
ҚР ОҚМ ф.566. "Қалалық басқарма.1861-1918жж.". СҚО. Энциклопедия. Алматы.2004ж,393,435-437 б.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий