Көпес Шулеповтың үйі

19ғ. Екінші жартысы (Архит.).
Володарский 34 көшесінде орналасқан (Сакко және Ванцетти көшелері бұрышы).

Иван Алексеевич Шулеповқа бұрын тиесілі болған үй 19 ғ. екінші жартысында салынған. Үй иесі жеңіл арба, төрт доңғалақты арба, шаналарды және т.б. жасап шығарумен айналысқан. Кеңес уақытының әр жылдары ғиамаратты оқу мекемелерінің № 5 және №6 мектептері иеленген.

Ғимарат жартылайтасты: астыңғы жертөле бөлігі – кірпішті, үстіңгі –ағаш бөренелі. Ғимараттың іргетасы – кірпішті. Ескерткіштің қасбеті ағаш оюлармен мол безендірілген, әсіресе басты көшедегі алдыңғы екі үшкір жабын маңдайшада көрікті. Ғимаратта жапсыра салынған ағаш дәліз бар.

Ескерткіш қаладағы 19 ғасырдағы ағаш өнерінің аз сақталғандардың бір үлгісі ретінде қызығушылық танытады.

Мәліметтер Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражай қорында, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық мәдениет басқармасында, Петропавл қаласының әкімдігінде және Қазақстан Республикасы әділет минитрлігінің Тіркеу қызметі Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойыша жылжымайтын мүлік орталығында сақталады.

Ғимарат Петропавл облыстық атқару комитетінің шешімімен қорғауға алынды. (11.11.79 ж. № 478).

Әдебиеттер: Өлкетанушы Н.Н.Молоткованың жеке мұрағаты
Морозов М. А. Петропавл бойынша . - Алматы, 1981.
Морозов М. А. Петропавл төңкеріліске дейінгі әдебиет көздерінен. - Л., 1991.
Морозов М.А. Петропавл – Қазақстанның солтүстік қамалы – Омбы, 1993.
Солтүстік Қазақстан облысы. Энциклопедия. Алматы 2004 435-437 беттер.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий