Көпес Мухамедьяровтың үйі — Литературная карта "жемчужина севера"

Көпес Мухамедьяровтың үйі

XIX ғасырдың соңы (Архит.).
Перовомайский көшесі, 94 мекен – жайында орналасқан.

Үй 1870 жылы саудагер Алибай Мухамедьяровпен салынған. Ғимарат кірпішті екі қабатты. Ғимараттың бірінші қабаты дүкен, қойма бөлмелері ретінде қолданылды. Екінші қабатта үй иесінің жанұясы тұрды.Бұл үйде ақын Мағжан Жұмабаевтың болашақ жары, Алибайдың қызы - Зулейха дүниеге келді. Мағжан мен Зулейха атасының үйінде үйленгеннен кейін 1922 жылға дейін тұрды. 1922 жылдан кейін ғимаратта әртүрлі мекемелер орналасты. Ұлы Отан Соғысы жылдарында – ҚХБО, кейіннен дүкен, тойхана, дәмхана. Қазіргі уақытта ғимарат облыстық «Информвест» газеті редакциясына тиесілі.

Ғимарат көпестік шет аймақты қаланың тарихи жоспарының үлгісі , 19 ғасырдың соңы мен 20ғ басына шет аймақты көпес қаласының тұрғын үй ғимараттарына және кірпішті кешенді құрылысқа сипаттама болып табылады және қаланың сәулет мұрасы болып табылады.

Әдебиеттер: СҚОҚМ 158 Қ. «М. И.Бенюхтың жеке қоры»
Морозов М. А. Петропавл бойынша. - Алматы, 1981.
Морозов М. А. Петропавл төңкеріліске дейінгі әдебиет көздерінен. - Л.,
1991.
Морозов М.А. Петропавл – Қазақстанның солтүстік қамалы. – Омбы, 1993.
Солтүстік Қазақстан облысы. Энциклопедия. Алматы 2004 270-271, 435-437 беттер.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий