Көпес Дмитриевтің үйі
30 июня 2016 - Касенова Марал Игликовна
Комментарии (0)
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |
Персоналийлер
1907 жыл. (Архит.).
Коминтерн, 96 мекен-жайында орналасқан.
1907 жылы Коминтерна (бұрынғы Большая) және Тухачевский (бұрынғы Троицкая) көшелерінде « ағалы Овсянниковтар және А.Ганьшин ұлдарымен серіктестігі» сауда фирмасының сенімді өкілі - Василий Дормидонтұлы Дмитриевке тиесілі екі қабатты тасты үй салынған.
1957 жылға дейін ғимаратта Петропавл ауылшаруашылық ауданком партиясы орналасты.
1957 жылы екінші қабатта облыста алғаш психикалық-неврологиялық диспансер орналасты. 1959 жылға дейін бірінші қабатты «Книготорга» дүкені ие болды. 1959 жылдан бастап психикалық-неврологиялық диспансер ғимараттың екі қабатын да иеленді.
В.Д. Дмитриев 1907 жылы үй салу үшін Шиловтан жер сатып алады. Ғимарат (бір-екі қабатты) кірпішті, күрделі нысанды. Ескерткіштің негізгі көлемі : биіктігі 3 м. асатын, Тухачевский көшесі жағындағы негізгі қасбетінің ұзындығы 31 м, Коминтерн көшесі жағындағы екінші қасбеттің ұзындығы – 24 м.
Мәліметтер Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражай қорында, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық мәдениет басқармасында, Петропавл қаласының әкімдігінде және Қазақстан Республикасы әділет минитрлігінің Тіркеу қызметі Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойыша жылжымайтын мүлік орталығында сақталады.
Әдебиеттер:облыстық психиатрлық ауруханасының бұрынғы бас дәрігері Г.И.Илюхинаның еске алулары.
Өлкетанушы Н.Н. Молоткованың мәліметтері
Морозов М. А. Петропавл бойынша. - Алматы, 1981.
Морозов М. А. Петропавл төңкеріліске дейінгі әдебиет көздерінен. - Л., 1991.
Морозов М.А. Петропавл –Қазақстанның солтүстік қамалы. – Омбы, 1993.
«Омская торговая палата» Қоры, 1884-1919жж.
ҚР ҚОМ , 342,Қ. тізімдеме 1,93,154,159,169 істер.
Нет комментариев. Ваш будет первым!
Добавить комментарий |