Көпес Баженовтың үйі

19 ғ соңы

Парк көшесі 134 мекен-жайында орналасқан.

Екінші қабатта көпестің жанұясы тұрды, ал бірінші қабатта күнделікті қажеттілікке керек заттарға арналған дүкен орналасты. 1917 жылдан кейін ғимарат мемлекет меншігіне айналды, онда қалалық тұрғыни қорына керек қайта жоспарлау болды.

Ішкі бөлме болмашы қайта жоспарлауға ұшырады.

Екіқабатты, тікбұрышты, төртбұрыш пішінді ғимарат. Төменгі қабат қызметтік бөлмеге арналған,кірпіштен қаланған. Екінші қабат – ағаш, терезелердің үсті сәндік жақтаулармен безендірілген және қапталған. Екінші қабаттың біраз бөлмелері төбелерде әртүрлі бейнедегі өрнектерге ие болды. Парк көшесі жағындағы басты кіреберіс қашалған ағаш бөренелермен және қашалған бұғатпен безендірілген. Іргетасы кірпішті, ленталы. Кіретін есік қималы, бедерлі элементтермен. Баспалдақ таяныштары балясинамен қоршалған. түсті металдан жасалған есік және терезе тұтқалары бірен-саран сақталған. Шатыры темір, кереге ағаш. Едені – тақтайлы, кешеуіл. Бірінші қабаттың қабырғалары сыланған және әктелген. Ғимараттың биіктігі 3 м. Ғимараттың екінші қабатының өрнегі бар төбесі, қазіргі уақытта әк қабатымен жабылған, және оны қайта жаңғыртқан кезде мұқият және ұқыпты тазалауды қажет етеді.

Ғимарат 19 ғасырдағы көпестік шет аймақты қаланың тарихи жоспарлау үлгісіне тән, қаланың орталық бөлігінде тұрғын және сауда ғимараттарының жоспарлы кешенді құрылысын сипаттайды.

Әдебиеттер:осы үйдің тұрғыны С.П.Шведованың ақпараты (Парк көшесі, 134, 10 пәтер).
И.Н.Молоткованың жеке мұрағаты
М. А. Морозов Петропавл бойынша - Алматы, 1981.
М. А. Морозов Петропавлтөңкеріліске дейінгі әдебиет көздерінен – Ә., 1991.
М.А. Морозов Петропавл –Қазақстанның солтүстік қамалы – Омбы, 1993.
Солтүстік Қазақстан облысы. Энциклопедия. Алматы 2004. 435-437б.

 

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий