Бірінші электр станциясының ғимараты — Литературная карта "жемчужина севера"

Бірінші электр станциясының ғимараты

 20 ғ. басы
Малдыбаев көшесі 91 мекен-жайында орналасқан.

ХХ ғасырдың басында электр станциясының ғимараты Брусиловский көшесімен қиылысқан Советский көшесінде салынған. 1913 жылдан бастап бірқабатты ғимаратта қалада бірінші болып электр станциясы болды. Ол маңайындағы көшелерді жарықтандырған: Банковский, Полицейский, Вознесенский даңғылы және т.б. 1944 жылға дейін жұмыс істеді. Басты ғимаратқа жалғанған екіқабатты жанама салуда кейбір уақытта бірінші синематографтың фильмдері көрсетілген «НАМИДИ» кинотеатры болды. Кейін, бұл ғимаратта, 1938 жылға дейін , перзентхана (босану үйі) болды. ХХ ғасырдың 90-шы жылдары екі ғимарат та қалалық Энергонадзор қызметінің бірыңғай әкімшілік корпусы ретінде қолданылған.

Ғимарат көпестік шет аймақты қаланың тарихи жоспарының үлгісі , 20ғ шет аймақты көпес қаласының жоспарлы кешенді құрылысы және қаланың орталық бөлігінде іскерлік және тұрғын үй құрылысы болып табылады.

Әдебиеттер: СҚОҚМ 158 Қ. «М.И. Бенюхтың жеке қоры»
Өлкетанушы К.С.Ушкованың жеке мұрағаты.
М. А. Морозов Петропавл бойынша - Алматы, 1981.
М.А. Морозов Петропавл – Қазақстанның солтүстік қамалы – Омбы, 1993.
Солтүстік Қазақстан облысы. Энциклопедия. Алматы 2004 . 435-437 ,601-602 беттер.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий