Аркель саудагердің үйі — Литературная карта "жемчужина севера"

Аркель саудагердің үйі

1891 жыл
Қазақстан Конституция көшесі, 48 мекен-жайында орналасқан.
Үй саудагер Т.А.Аркельге тиесілі еді. Жоғарғы қабатты "Орталық" қонақ үй иеленді, төменгі қабатта дайын көйлектер дүкені орналасты. Дәлелденбеген мәліметтер бойынша, 1920 ж 21 қарашада бұл ғимаратта Мәскеу және Петроград жұмысшыларының ашаршылыққа ұшырағандарға көмек сұрап М.И.Калинин сөз сөйлеген. ХХ ғ 60 жылдары ғимарат өлкетану мұражайын ұйымдастыру үшін берілген, үстіңгі қабаты тұтастай және бірінші қабатының бір бөлмесін экспозициялық зал үшін бөліп берген. ХХғ.80ж ескерткіш алдағы уақытта тарихи-өлкетану мұражай экспозициялық алаң ғимарат кешеніне енгізілді. 2005 ж қайта құрылыс, қайта жаңғырту жұмыстары аяқталған. Қазіргі уақытта Аркель үйі көршілес ғимараттар кешенімен, облыс тарихы экспозициясы алаңының бір бөлігі мен әкімшілік бөлменің бір бөлігін және басты мұражай қоймасы болып табылады.

Жоғалған элементтер жоқ, ғимараттың ішкі бөлмесі аз-маз қайта құруға ұшырады.

Ғимарат-Г-тәрізді пішінді, екіқабатты. Сыртқы қабырғасының қалыңдығы 710 мм,күйген кірпіштен қаланған.Іргетасы кірпіштен қаланған. Жабу құрылысы және шатыры-ағаш. Шатыр темір дабынмен қапталған. Ғимарат қасбеті кірпіштен қаланған сәндік элементтермен безендірілген. Бірінші қабат бойынша "жақ тәрізді" пішінді қалау терезе ойықтарын аяқтайды. Екінші қабатындағы терезе ойықтары сәулеттік этементтермен безендірілген. Ғимараттың басты қасбетінде орналасқан нәзік тормен қапталған екі жайма балкон бар. Жалпы ауданы-793,94 шаршы метр. Ғимараттың сәулеттік бейнесі 19 ғ. соңы -20ғ.басына -"эклектика" ағымына тән.

Ғимарат көпестік шет аймақты қаланың тарихи жоспарының үлгісі , 19-20ғғ басында шет аймақты көпес қаласының жоспарлы кірпішті құрылысқа сауда және қызметтік сипаттамасы және қаланың сәулет мұрасы болып табылады. Ғимарат Петропавл қ. экскурсиялық объект ретінде қызығушылық танытады.

Әдебиеттер: өлкетанушы И.Н.Молоткованың жеке мұрағаты.
М.А.Морозов Петропавл бойынша ,-Алматы,1981ж.
М.А.Морозов Петропавл-Қазақстанның солтүстік қақпасы,-Омбы,1993ж.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий