Ақан Серінің кеуіті

5 сентября 2012 - Администратор

   19 ғасырдың екінші жартысы – 20 ғасырдың басында өмір сүрген қазақ әнші-сазгерлерінің белгілі өкілдерінің бірі – Ақан сері Қорамсаұлы. Ол 1843 жылдың қыркүйегінде Сырымбет тауының маңындағы Қоскөл деген жерде (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы) туған, оның бүкіл өмірі осы өлкеде өтті. Серінің туған жерінде бюсті және "Құлагер" мүсіндік композициясы орнатылған, авторы жерлесіміз, Қазақстанның ең үздік мүсінші-монуменалистерінің бірі – Төлеген Досмағамбетов. Ол 1940 жылы 10 сәуірде Көкшетау облысының Қызылту ауданына (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы) қарасты Мортық ауылында туған. Төлеген Досмағамбетов жасаған қазақ халқының көрнекті қайраткерлері Шоқан Уәлиханов, Ахмет Байтұрсынов (балалары Санжар мен Дәуренмен бірге), Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтпаев, Ақан серінің бейнелері отандық монумент өнерінің алтын парағын құрайды.
   Осы қатарға 1993 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Кенащы ауылында (қазіргі Ақан сері ауылы) орнатылған қола мен граниттен жасалған "Ақан сері-Құлагер" көп фигуралы композициясы да жатады. Біздің көретініміз: Ақан сері өзінің атақты Құлагерінде, артында – тазысы Базаралы, серінің иығында сұңқары Қараторғай. Бұл ескерткіш халықтың тұрмысы мен мәдениетін танытып, Досмағамбетовтың республикамыздың монументтік мүсін өнерінің көшбасшысы және классигі ретінде талантын ашуға мүмкіндік береді.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий