А. Измайловтың дүкені (Исмаиловтың)

XIX ғасырдың екінші жартысы (Архит.).
Жамбыл Жабаев көшесі, 222 а мекен-жайында орналасқан.

Кірпішті, бір қабатты ғимарат бағалы аң терілерін сатып алушы-көпес Абдрашид Измайловтың қаражатына арнайы дүкен үшін салынған. Дүкен мен кірпішті үй арасында жерасты өткелі болды. Үй-жайдың ансамбіліне дүкен ( 1996 жылы қайта құрылып және тойхана ретінде қолданған қойма бөлмелері ) қосылған. 1917 жылдан кейін ғимарат мемлекет меншігіне берілді және әртүрлі кеңестік мекемелеріне берілді.

Ғимарат бірқабатты , кірпішті, сыланбаған. Терезелері тікбұрышты жақ тәрізді. Терезелердегі торлар темірден соғылған.
Жөндеу-қайтақұру жұмыстары 1996-1997 жылдары жүргізілген. Қасбеттері тазаланған, кірпіш қорғау қабатымен қапталған. Ағаш бұйымдары ауыстырылған.

Ғимарат 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басындағы көпестік шет аймақты қаланың тарихи жоспарлау үлгісіне тән, қаланың орталық бөлігінде тұрғын және сауда ғимараттарының жоспарлы кешенді құрылысын сипаттайды және қаланың мәулет мұрасы болып табылады.

Мәліметтер Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражай қорында, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық мәдениет басқармасында, Петропавл қаласының әкімдігінде және Қазақстан Республикасы әділет минитрлігінің Тіркеу қызметі Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойыша жылжымайтын мүлік орталығында сақталады.

Ғимарат облыстық әкімшілік басшысының қаулысымен қорғауға алынды. (23.03.94 ж. № 60).

Әдебиеттер: Н.Н. Молоткованың жеке архиві
Морозов М. А. Петропавл бойынша. - Алматы, 1981.
Морозов М. А. Петропавл төңкеріліске дейінгі әдебиет көздерінен.- Л., 1991.
Морозов М.А. Петропавл – Қазақстанның солтүстік қамалы. – Омбы, 1993.
Солтүстік Қазақстан облысы. Энциклопедия. Алматы 2004 435-437 б.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий