Әйелдер гимназиясы

1864 жыл
Вознисенский көшесі 42

1864 жылы Петропавл қаласында Вознесенский көшесінде арнайы құрылған ғимаратта әйелдер приходский училищесі ашылды. 1871 жылы промгимназияға, ал 1904 жылы әйелдер гимназиясына айналды. Статистика бойынша 1913 жылы ғимаратта 460 адам оқу курсынан өткен. Әйелдер гимназиясы Петропавл басқармасы және басқа кіріс көздер қазынасынан қаржыландырып отырды.Оқу құқығына төлем келесі түрде болды: дайындық сыныбында жылына әр оқушыға 30 рубль; 4бастауыш сыныптарда 40 рубль; 5-7 сыныптарда 60 рубль; 8 сыныпта 75 рубль. Бұдан басқа, 10 рубльден шет тілін оқытуға алған.Кеңес уақытында ғимаратта педагогикалық училище орналасқан. 1966 жылы ғимарат қалалық атқару комитетінің 1966 жылдың 17 қарашасындағы № 783 шешімімен қалалық халықтық білім бөлімі балансынан Петропавл педагогикалық училище балансына берілді. Кейінірек ғимаратта қалалық балалар жеңіл атлетика спорт мектебі орналастыҚазіргі уақытта ғимарат жеке меншік иесіне берілген.
20 ғасырдың басында негізгі ғимаратқа қосымша құрылыс ретінде 2 ғимарат жалғастыра салынған (оң қанаты). Ғимараттың жалпы ауданы - 1124,9 ш.м.; оның ішінде негізгі - 737,5 ш.м.; орташа биіктігі - 3,8 м.
Ғимарат екі бөліктен тұрады.Оң қанаты кешірек салынған көріндеі. Қасбетінде айқын және нақты композиция бар.

Негізгі қасбеттері рельефті элементтерге ие. Әсіресе пилястрдің қызық құмыра тәрізді пішіні, ғимараттың оң жақ бөлігіндегі терезе ойықтарын қоршайды. Ғимараттың оң жағындағы кірпішті қабырғасы көлденең сызықтармен кесілген, қасбетке мүшелеу модульін айқын көрсетеді. Ғимараттың сол жақ бөлігі сәнделген, бірақ элементтер пропорциясы ұсақ және көркемдігі аса айқын.

Ғимарат 19 ғ. 60 жылдарындағы сәулет ескерткіші ретінде үлкен қызығушылық тудырады. Бірақ оның тарихи құндылығы одан да маңызды. Ол Солтүстік Қазақстанның педагогикалық кадрында ең алғаш ұстаханасы болды.

Әдебиеттер:Өлкетанушы Н.Н.Молоткованың материалдары
М. А. Морозов Петропавл бойынша. - Алматы, 1981.
М. А. Морозов Петропавлтөңкеріліске дейінгі әдебиет көздерінен - Л., 1991.
М.А. Морозов Петропавл – Қазақстанның солтүстік қамалы – Омбы, 1993.
Петорпавл бойынша анықтама, 1925, 21-23б.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий