1978 жыл
Интернационал көшесі 66 мекен-жайында орналасқан.
Кинотеатр ғимараты 1978 жылы салынған. 1978 жылдың 15 қарашасында ашылуы болды. Көрініс ғимараттарына және Петропавл қаласы жағдайына қолдану үшін құрылыста ЦНИИЭП әзірленген 264-13-1/70 типтік жоба қолданылған. Көрермен залының сиымдылығы – 800 адам. Ескерткіш қалалық қазіргі заманға сай құрылыс ғимараттарымен кешенді алаңның бірінде орналасқан.
Жоспарлы тікүшбұрыты, бір жақ бүйір қасбетінде эвакуациялық баспалдағы бар үш қабатты ғимарат.
Ескерткіш 20 ғасырыдң 70-ші жылдарындағы кеңестік сәулеттің үлгісі болып табылады.Бұл Солтүстік Қазақстан облысындағы ең ірі кинотеар.
Әдебиеттер: Севгражданпроект интститутының архивтік мәліметтері.
Солтүстік Қазақстан облысы. Энциклопедия. Алматы 2004 327бет.