Қалалық училище

1906 жыл
Петропавл қ, Булавский көшесі 2
Ғимарат ХХ ғ басында салынған. Бастапқыда Петропавл білікті сауда кадрларына мұқтаж болғандықтан, оқу корпусы ретінде жұмыс істеді. Кейін қалалық училищесі болып қайта құрылды. Кеңес уақытында 1939 жылдан бастап, Н.Прокопичеваның атындағы №4 орта мектеп орналасты. 1977 жылдан бастап ғимаратта қалалық мектепаралық оқу-өнеркәсіптік комбинаттың корпусы орналасты. Қазіргі уақытта ғимарат жеке меншік иесінде. Ғимаратта аса қайта құрылыс жұмыстары жүргізілмеген.
Ғимарат екі қабатты,кірпіштен қаланған,тікбұрышты пішінді.Бастапқыда сыртқы қабырғалары сыланбаған болатын, қазіргі уақытта сыртқы және ішкі қабырғалары, сонымен қатар қалқандар сыланған.
Ғимарат көпестік шет аймақты қаланың тарихи жоспарының үлгісі , 19-20ғғ басында жоспарлы кешенді кірпішті құрылысқа сипаттама болып табылады.
Материалдар Солтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану мұражай қорында, Солтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау бөлімінде, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде, Петропавл қаласының әкімдігі және Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінің тіркеу қызметі Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығында сақталады.
Ғимарат Петропавл қалалық атқару комитетінің шешімімен қорғауға алынған. (82 жылдың 18 наурызындағы № 115).

Әдебиет: И.Н.Молоткованың жеке мұрағаты.
М.А.Морозов Петропавл төңкеріліске дейінгі әдебиет көздерінен – 1991
М.А.Морозов Петропавл-Қазақстанның солтүстік қамалы.-Омбы,1993.
Солтүстік Қазақсатн облысы.Энциклопедия.Алматы,2004 435-437 б.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий