Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайы

26 июля 2012 - Администратор

 Мұражай Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында орналасқан.Мұражай құрамына 1663 ш.м. аумағы бар Ш.Уәлиханов атындағы мұражайы мен оңтүстік-шығыс бағытында жалпы аумағы 4030 ш.м. тұрғын Сырымбет ауылынан 4 км орналасқан әйгілі ғалым Ш.Уәлихановтың кіндік кескен жері Айғаным әжесінің үйі (Сырымбет үйі) кіреді.

19 ғасырдың ағаш сәулет ескерткіші «Сырымбет үйінің» сәулет бейнесі бірте-бірте құрастырылды. Оған ағаш қоршаумен оқшаланған тұрғын үй,мешіт, медресе, шаруашылық құрылымдар, монша кіреді.

2008-2009 жылдардағы «Мәдени мұра» республикандық бағдарламасы аясында Сырымбет өткелінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Үйді қалпына келтіру Қазақстан Республикасы Ақпарат және Мәдениет Министрлігімен 2008-2009 жылдары 28,0 млн.теңге бөлінді, «Қазреставрация» Мемлекеттік кәсіпорынның Батысқазақстандық филиалы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді.
Қазіргі уақытта келесідей жұмыстар атқарылды: тұрғын үй және мешіт қалпына келтірілді, ағаш қоршаулар, үй айналасындағы бөгеттер тұрғын үйде екі қабатқа ағаш қойылымдар, есіктер және терезе қақпақтары ауыстырылды.

Қайта қалпына келтіру 2010 жылда 2009-2011 жылдардағы «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобаның Концепциясына сәйкес жалғастырылады.
Жалпы жәдігерлер саны -6980, олардың ішінен 1300 бұйымы экспозициялық залдарда орналасқан. Мұражайда Ш.Уәлихановтың өмірі, оның туысқандары, қазақ халқының материалдық, рухани мәдениеті, салт -дәстүрі туралы материал жиналды.
Мұражай қызметкерлерінің жұмысы ғылыми әдебиет,мақалалар және тағы да басқа Ш.Уәлихановтың өмірі мен қосқан үлесі, оның туысқандары,бірлесе белсенділік атқарғандар туралы материалдық дәлел жинақтауға және экспозиция мен көрмелерді ұйымдастыру арқылы тарихи мәліметтерді жолдауға бағытталған.

Жыл сайын мұражай қабырғасында әдеби оқулар, «Шоқан(Мухаммед-Ханафия) Уәлиханов», «Ш.Уәлиханов Петербург қаласында орыс жазушылары арасында», «Омск істері», «Басынан барлық жолды кешу-өлкетанушы жазбалары» тақырыптары бойынша дәрістер және тағы басқа іс-шаралар жүргізіледі.

Мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Сырымбет ауылы
Басшысы Құлбаев Уәлихан Қайроллаұлы
Байланыс телефоны: 8(71533)-2-83-18

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий