Cирек кездесетін кітап Мұражайы

1 августа 2012 - Администратор

  С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада сирек кездесетін кітап Мұражайы құрылған. Ол 1996 жылы 24 мамырда Славян жазуы мен мәдениет күндеріне негізделіп ашылады.

  Мұражай негізі – 300 сақтау бірлігін құрайтын сирек кездесетін қор болды. Кітапхананың қызмет істеген 70 жылы ішінде сирек кездесетің қор Мәскеу, Ленинград, Киев қалаларының букинист дүкендерінен жаздырып алынған кітаптар есебінен толықтырылды. Жеке тұлғалардан алынған кітаптар да бар. Сирек кездесетін қордың біраз бөлігі Петропавл қаласының бұрынғы қалалық кітапханасынан алынды.

  Бүгін мұражай қорында тарихы бай, өте қызықты басылымдар бар. Әрбір ірі кітапханада «Остромирово Евангелие» (1056-1057 ж.ж.) даталанған бірінші орыс кітабының бетін байқауға оқырманның мүмкіндігі бар. Бұл кітап біздің де кітапханада бар.

  Мұражайда әдебиет жағынан ең жетілген шығармалар циклынан ескерткіш Владимир Святославұлының балалары Борис пен Глебтің, (олардың ағасы) Святополктың жалдап жіберген кісі өлтірушілерінің қолынан қаза болғаны туралы баяндайтын – «Сказание о Борисе и Глебе» (12 ғасыр). «Изборник 1076 ж.») немесе Святослав жинағы қойылған, олар қөне қолжазба кітаптардың бірі. Бізде 1709 жылы шығарылған, ағашпен түнтелген, жұқа бұзау терісімен қапталған, уақыт өте келе тозған (Псалтырь) кітабы бар.

   Мұражайда осы күнге дейін құны жойылмаған көп томдық энциклопедия басылымдарын табуға болады.
В Музее можно найти многотомные энциклопедические издания, ценность которых не потеряна и на сегодняшний день.

  Мұражайда орыс ақындары мен жазушыларының алғашқы және көзі тірі кезінде басылған басылымдары, полиграфиялық және түптеу өнерінің (оның ішінде миниатюралы) тамаша үлгісі сақталған.

  Кітап тарихымен байланысты барлық іс-шаралар Мұражайда өтеді. Осында кітап шығарушы Сытинға арналған «Книжные сокровища библиотеки», «Жизнь для книги» деген экспозициялар көрсетілді. Онда революцияға дейінгі ең ірі кітап бастырушы И.Сытинның типографиясында шығарылған кітаптар, тамаша безендірілген 7-томдық «Отечетвенная война и русское общество 1812-1912 г.г.» деген мерейтойлық басылым тамашаланды. Сытинның орыс оқырмандары алдындағы сіңірген еңбегінің бірі – өзіннің досы Л.Толстойдың толық шығармалар жинағын шығаруы. Бізде бұл басылымдардан жеке томдары – «Детство. Отрочество. Юность», «Война и мир», «Анна Каренина» бар.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий