Мағжан Жұмабаев атындағы мұражай

26 июля 2012 - Администратор

 Мағжан Жұмабаев атындағы мұражай 1993 жылы ақының отаны М.Жұмабаев ауданындағы Сарытомар ауылында туғанына жүз жыл толуына орай ашылды..

2008 жылдың шілдесінде ақынның 115 жылдығына арнап 2008-2009 жылдардағы «Мәдени мұра» аумақтық бағдарлама аясында мұражайда толыққанды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ғимарат аумағы жөндеуден кейін 60 ш.м құрады, экспозициялық аумағы 55 ш.м.
Ақынның өмірлік және әдеби-шығармашылық жолына арналған экспозиция 3 залда орналасқан. Бұл мұражайдың экспозициялық залдары жоғары эстетикалық деңгейде қазіргі заман талаптарына сәйкес «Дара» фирмасымен рәсімделген.
2008 жылы мұражайға мемлекеттік мәртебесі берілді.

Мұражайда ақындармен, жазушылармен кездесулер, дөңгелек үстелдер, және де мемлекеттік, ұлттық мейрамдарға арналған іс-шаралар жүргізіледі.
Мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, М.Жұмабаев ауданы, Сарытомар ауылы
Басшысы Жүніспаева Айгүл Теңдікқызы

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий