С.Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық үй-мұражайы

27 июля 2012 - Администратор

 С.Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық үй-мұражайы 1990 жылы Сәбит ауылында С.Мұқановтың ағасының үйінде ашылды.
Мұражай жалпы аумағы 180 ш.м, бір қабатты қарағай бөренеден жасалған ағаш ғимарат 5 бөлмеден тұрады: ұйқы жайы,қонақ жай,зал, асбөлме, кіріс жайы.

Үй аумағында 247 ш.м көлемде саябақ орын алады, онда жазғы сауытқу орны және шошала орналасқан.
Экспозиция мемориалдық мұражай типі бойынша салынған және де жазушының кабинеті, ұйқы жайы,шығармашылық мұрасы,жазбалар,кітаптары мен жеке киімдері орналасқан залдан тұрады.

Мұражайда этнографияға қатысты экспозиция да бар.
Қорда С.Мұқановтың әдеби шығармашылығына қатысты өнегелі құнды құжаттар сақталған.
Мұражайда жалпы жәдігерлер саны 364 бірлікті құрайды.

Жол картасы бағдарламасын іске асыру барысында үй-мұражайда және қонақ үйде толыққанды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Мұражай аумағында жазушыға арнап бюст орнатылған.

С.Мұқановтың туғанына 110 жыл толуына орай қазіргі заманның талаптарына сай жаңа жәдігерлерді қоса жаңа экспозиция құру жоспарлануда.

Мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы , Сәбит ауылы
Басшысы Сарсекова Әлия Ескендірқызы
Байланыс телефоны: 8(71544)-5-15-22

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий