И.Шухов атындағы әдеби-мемориалдық үй-мұражайы

26 июля 2012 - Администратор

 И.Шухов атындағы әдеби-мемориалдық үй-мұражайы 1981 жылдың 21 желтоқсанында жазушы тұрған үй жайда қаланған.
Мұражай 1942 жылы жазушының үйі ретінде салынған қазіргі таңда жергілікті маңызы бар мәдениет және тарих ескерткіші болып табылатын бір қабатты мансардасы бар құрылымнан тұрады.

Ғимарат алаңы 117 ш.м, оның ішінен экспозициялық көлемі 104 ш.м. құрайды.
Бұған қоса, үй жайы аумағында көл жағасында үлкен бақ және де жазушының туысқандары, ауылдастарымен жинақталған жәдігерлер мен құжаттар сақталған. 137,9 кв.м көлемді құрайтын әкімшілік корпусы орналасқан.
4 залда экспозиция келесідей тақырыптарда рәсімделген:

• 1752 жылы Пресновка ауылы қорғау бекініс ретінде қалануы
• Өлкеде Кеңес үкіметінің орнығуы, Азаматтық соғыс
• Ұлы Отан соғысы жылдары
• Өлкеде тың игеру жылдары

И.Шуховтың Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов жазушы-жерлестерімен достастығы туралы экспозиция орын алады.
Мұражай негізінде Шуховқа арналған оқу кештері ақын, жазушылар,қоғам қайраткерлерінің қатыстырылуымен өткізіледі, «Біз осында өмір сүреміз, мұнда біздің Отанымыздың бастауы»атты дөңгелек үстел жүргізіледі.

Аудандық халық ұжымдары, фольклорлық казак ұжымын қатыстырумен театрландырылған көріністер қойылады.

Үй-мұражайда солтүстікқазақстандық жазушылар және ақын-жерлестерімізге арнау болған әдеби кездесулерге арналған қонақ жайы ашылды.
Үй-мұражай аумағында 2006 жылы жазушының туған күніне 110 жыл толуына арналып И.П.Шуховтың бюсті орнатылып ашылған еді.

Мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы
Басшысы Шледовец Нина Васильевна

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий