Сәбит Мұқановтың әдеби-мемориалдық мұражай-бөлмесі

1 августа 2012 - Администратор

 1980 жылы жазушының туғанына 80 жыл толуына ашылады.
   Безендірілуі ұлттық стилбде орындалған: барлық экспозиция киіз үй стиліне келтірілген бөлмеде орналасқан.

   Мұражайда жазушының шығармалары орыс және қазақ тілінде, фотосуреттер, хаттар, Сәбит Мұқанов туралы естеліктер жинастырылған. Барлығы 300-ден астам экспонаттар бар.

   Барлығы 12 зат. Әдеби мемориалдық бөлімдері келушілерді жазушының өмірі мен оқудағы кездерімен, рухани өсу жылдары және творчестволық қалыптасуымен, оның қоғамдық-саяси қызметымен таныстырады.

  Тек қана бізде, жазушының туған жерінде, Сотүстік Қазақстанда С.Мұқановтың өмірінің ертерек кезімен және шығармашылығымен таныстыратын мұрағат құжаттарының ксерокөшірмелері, жергілікті өлкетану материалдары жинақталған. Жазушының дауысы жазылған магнитофон таспасы сақталған.

  2000 жылы жазушының 100-жылдығына экспозиция картиналар, гравюралар, естелік ақшалар, кітаптар, сирек кездесетін фотосуреттермен толықтырады. Екі шыны көрнекте белгілі жазушылар: Ғабит Мүсірепов, Сафуан Шаймерденов, Әбіш Кекілбаев, Сәбіт Досанов, Асанали Әшімов және басқаларының қолтаңбалары бар сыйға тартылған кітаптар қойылған С.Мұқанов отбасы: Марат Мұқанов, Мәриям Мұқанова сыйлаған авторлық кітаптар бар.

  Пікір кітабында Е.Евтушенко, І.Есенберлин, Ә.Кекілбаев, Б.Төлегенова және басқа мәдениет қайраткерлері, шетел қонақтары өз жазуларын қалдырған. С.Мұқановтың 100 жылдық мерейтойына кітапханаға оныңМаратом Мукановым, Марьям Мукановой.
С.Мұқановтың 100 жылдық мерейтойына кітапханаға оның қыздары Жанна мен Баян келді.

   Жыл сайын 26 сәуірде Сәбит Мұқановтың туған күніне арналып қазақ және орыс тілдерінде Мұқанов оқулары өткізіледі.
С.Мұқановтың өмірі және творчествосы туралы шолулар өткізіледі, экскурсиялар жүргізіледі.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий