Шал ақын ауданындағы тарихи-өлкетану мұражайы

27 июля 2012 - Администратор

 Шал ақын ауданындағы тарихи-өлкетану мұражайы 1986 жылдың 25 ақпанында мектеп мұражайы негізінде қаланды. Негізін қалаушы Ұлы Отан соғысының қайраткері Кузнецов Василий Дмитриевич.

2005 жылдан мұражай мемлекеттік мекеме мәртебесіне иеленді.2007 жылы мұражай жаңа жөнделіп жабдықталған ғимаратқа көшірілді.
Мұражай аумағы 668 ш.м құрайды, одан экспозиция көлемі 239,0 ш.м.

Экспозицияда жаңа қазіргі заманға сай жабдықталу, залдарда 1326 жәдігер орналасқан. Жалпы жәдігер саны 3534.
Қорлар мен экспозиция Шал ақын ауданының тарихына,Сергеевка қаласында тұрған тұратын атақты тұлғаларға арналған аумақты материалға толы.
Экспозиция өлке тарихы ертедегі заманнан қазіргі күндерге дейін тарихи кезеңдерге бөлінген.

Ұлы Отан соғысына мұражайдың көлемді бөлігін қамтиды.Мұражай қорларында аудан тарихына қатысты фотобейнелер, қол жазбалар, әр қилы құжаттар сақталған.

2009 жылы Сергеевка қаласында қаланың құрылу күніне 40 жыл толу мерекесі тойланды.
Мұражаймен «Сергеевка –кеше, бүгін, ертең» атты көрме дайындалды. Қала,су қойма мен субайланысының алғашқы құрылысшылары шақырылды.
Мұражайда бейбітшілік күні, Конституция күні, Білім күні, Қарт адамдар үшін ашық есік күндеріне арналған сабақтар өтеді.

Мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Гончар к-сі, 112
Басшысы Қосмағамбетов Жасұлан Қарбиұлы
Байланыс телефоны: 8(71534)-2-74-09

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий