Жазушы Ғ.Мүсіреповтың үй-мұражайы

26 июля 2012 - Администратор

Жазушы Ғ.Мүсіреповтың үй-мұражайы 1992 жылы ашылып, оның өмірі мен шығармашылығына арналған.
Мұражай 278 ш.м аумақты құрайды ,одан экспозициялық көлемі 95,3 ш.м., басқа аумақта қонақ үй орналасқан мансардасы бар бір қабатты жай болып табылады.

Мұражай экспозициясы әдеби мұра негізінде құралып, жазушының қоғамдық, мемлекеттік қызметін айқындайды.
Залдарда Ғ.Мүсіреповтың барлық ғұмырлық жолын айқындайтын жәдігерлер-жеке киімдері, құжаттар, жазушының фотобейнелері орын алады және жазушының анасы Дина Оңарбай қызы, ағалары мен апалары туралы да мәлімет табуға болады.
Этнографиялық зал қазақ халқының тұрмысын бейнелейтін бұйымдар: самауыр,торсық, ұлттық әйел және ер адамның киімдері, керосин шамы және т.б.

Жамбыл ауданындағы жерлестері, туысқандары және қоғамы жазушының өмірлік жолын айқындайтын көлемді әрі толыққанды материал жинады.
Мұражайдан алыс емес жазушыға арнап бюст орнатылған.
Жыл сайын аудан қоғамы Ғ.Мүсіреповке арналған кездесулер мен іс-шаралар жүргізеді.

Мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Жаңажол ауылы
Басшысы Махмутов Досбол Әшімұлы
Байланыс телефоны: 8(71545)-3-36-45

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий