Қазақстан ҒА-ның Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы

11 сентября 2012 - Администратор

 1966 жылы Қазақстан ҒА-ның қоғамдық және география ғылымдары саласындағы үздік жетістіктер үшін берілетін Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы және бейнелеу өнері және сәулет саласында Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлығы белгіленді.


//Северо-Казахстанская область: Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004.-557 б.

Алғашқы сыйлық ірі жазушы, Қазақ КСР-інің ҒА академигі, Шоқан Уәлихановтың көркем бейнесін сомдап қана қоймай, оның өмірін, ғылыми және қоғамдық қызметін де зерттеген Сәбит Мұқанұлы Мұқановқа "Жарық жұлдыздар" монографиясы үшін берілді.


//Вестник Академии наук Каз.ССР.-1967.-№3.-15 б.

Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлық Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасын зерттеуші, оның шығармаларының толық жинағының бас редакторы, Қазақ КСР ҒА-ның академигі Әлкей Хақанұлы Марғұлан басқарған авторлар ұжымына "Древняя культура Центрального Казахстана" монографиясы үшін берілді.


/Важнейшие итоги исследований Академии наук Казахской ССР за 1966 год: докл. доктора филос. наук Н.Д. Джандильдина.// Вестн. Акад. наук Каз. ССР.-1967.-№3.-15 б.

Қозыбаев Манаш Қабашұлы – ғалым, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі – Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты.
Северо-Казахстанская область :энциклопедия.-Алматы: «Арыс» баспасы,2004.- 333 б.


Мүсірепов - әдеби-сын және публицистикалық мақалалардың авторы, олардың көбі 1977 жылы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықты иеленген "Суреткер парызы" жинағына (1970) енген.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий