Мағжан Жұмабаев атындағы сыйлық

11 сентября 2012 - Администратор

  Петропавлда Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының журналистері үшін белгіленген Мағжан Жұмабаев атындағы сыйлықтың алғашқы иегерлерінің есімдері аталды.
   Қазақстан Журналистер одағы мен «BAUR Kazakhstan» акционерлік қоғамы республикамыздың солтүстік облыстары – Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының журналистері үшін Мағжан Жұмабаев атындағы сыйлықты белгіледі. Олар жыл сайын беріліп тұрады.
Осы сыйлықты алу үшін алғашқы байқау өткен жылдың күзінде жарияланды.
    Байқауға қатысу үшін баспа басылымдарының, теледидар мен радио және қазақ және орыс тілдеріндегі Интернет сайттары журналистерінің жұмыстары қабылданды. Әділқазылардың алдына барлығы 10 номинация бойынша еліміздің солтүстік аймағының экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуы, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы, мемлекеттік тілді дамыту проблемалары, теледидар мен радиодағы ең үздік авторлық бағдарлама тақырыптары бойынша үздік материалды таңдап алу міндеті қойылды.
     Бірінші байқаудың қорытындысы өткен аптаның соңында шығарылды, және қазақстандық журналистердің кәсіби мейрамына орайластырылды деуге болады. Мағжан Жұмабаев атындағы сыйлыққа "Қазақстан-Петропавл" телеарнасының тілшісі Нұргүл Ахметова, "Солтүстік Қазақстан" газетінің тілшісі Нұрсайын Шәріп, "Алаш айнасы" газетінің меншікті тілшісі Ербақыт Амантай (Петропавл қ.), "Казахстанская правда" және "Егемен Қазақстан" газеттерінің СҚО бойынша меншікті тілшілері Валерий Мерцалов және Өмір Есқали, "Намыс" Интернет жобасының редакторы (Петропавл) Галина Воробьева, Қостанай, Астана қалаларының баспа және электронды басылымдарының журналистері ие болды. Оларға дипломдар, сыйлықтар мен бағалы сыйлар табысталды.

  2006 жылы Солтүстік Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін баяндағаны үшін "Экспресс К" газетінің меншікті тілшісі Елена Чернышоваға облыс әкімінің бекітуімен Мағжан Жұмабаев атындағы бірінші сыйлық берілді.


//Экспресс К.-2006.-30 желтоқсан.-3 б.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий