«Оқуқұмар қала» фестивалі

11 сентября 2012 - Администратор

  2011 жылдың қыркүйегінде Булаев қаласында (М.Жұмабаев ауданы) республикалық "Бір ел – бір кітап" акциясының аясында қалалық "Достық" саябағында "Оқуқұмар қала" фестивалі өтті.
   Фестивальді өткізуге көп даярлық жұмыстары жүргізіліп, жарнама жасалды. Түрлі баспа өнімдері (бүктемелер, бетбелгілер, флаерлер) шығарылып, қалалықтарға таратылды. Қала бойынша фестиваль бағдарламасы мен өтетін орны туралы ақпарат жазылған шағыру қағаздары мен жарқағаздар ілінді. Орталық аудандық кітапхананың қызмет көрсету бөлімі кітапханашылары мерекеге оқушылар мен студенттерді шақырды. Булаев қаласының ұйымдары мен мекемелерінің басшылар мен ұжымдары, ОАК жанынан жұмыс істейтін "Ақ жаулық" және "Золотая осень" клубтарының мүшелері шақырылды. Аудандық "Мағжан жұлдызы" және "Вести" газеттерінде фестиваль туралы мақалалар шықты.
    Фестиваль күні саябақтың кіреберісі шарлармен, "Оқуқұмар қала" фестивалі" жарнамасымен безендірілді. Барлық жерде "Ақбілек" романы, Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы туралы, "Бір ел – бір кітап" акциясы туралы, кітап, кітапхана, оқу туралы пікірлер жазылған плакаттар ілінді. Кітапхананың белсенді оқырмандары ұлттық киімдер киіп, фестиваль қонақтарын "Сіз білесіз бе?.." викторинасына, сауалнамаларға қатысуға, сөзжұмбақтар шешуге шақырды, бүктемелер, бетбелгілер таратты.
Саябақтың бірнеше алаңдарында ОАК кітапханашылары мен ауыл кітапханашылары шаралар өткізді.
ОАК кітапханашылары "Дәуірдің жарық жұлдызы" әдеби-сазды композициясын қызықты өткізді. Саябақтың басты сахнасында ананың монологы мен табиғат туралы тамаша монолог оқылды.
   Кітапханашылар мен Октябрьское, Сарытомар, Полтавка ауылдарының оқырмандары "Ақбілек" романынан тетарландырылған көрініс көрсетті. Жиналған қонақтар үшін М.Унгаева, Н.Баймұханова, Н.Сапарова және Н.Шериматова өнер көрсетті. Осының бәрі романның өзі туралы, әйелдер тағдыры мен тарихи оқиғалар – қазақ жеріндегі айқастар мен күйзелістер аясындағы кейіпкер тағдыры туралы әңгімемен бірге қайталанбас әсер қалдырды. Кітап туралы өз әсерлерімен ОАК тұрақты оқырмандары бөлісті. Қазақ және орыс тілдерінде "Ақбілек" романынан үзінділер оқылды.
Фестивальге келушілер мен арнайы шақырылған қонақтар "Бір ел – бір кітап", "Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы" кітап көрмелерімен танысты.
   Осы күні саябақта өткен Фестиваль "Бір ел – бір кітап" акциясына да, Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" романына да, оқу мен кітапханаға да үлкен қызығушылық тудырды. Фестиваль қаланың мәдени өмірінде айтулы оқиғаға айналып, аудан кітапханаларының беделін көтеруге ықпал етті.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий