Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған — Литературная карта "жемчужина севера"

Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған

11 сентября 2012 - Администратор

2011 жылдың қараша айында Петропавлда Мағжан Жұмабаев шығармашылығына арналған "Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған" атты бірінші республикалық өнер фестивалі бастау алды. 8 қараша күні байқау бағдарламасының басы ретінде С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада конференция өтті. Оған құрметті қонақтар – белгілі сазгерлер Ш.Әбілов пен Ж.Тұрсынбаев, жазушылар К.Салықов пен Р.Сейсенбаев қатысты. Конференция тақырыбына Роллан Сейсенбаевтың редакторлығымен жарық көрген М.Жұмабаевтың "Я солнцем огненным рожден" атты шығармалар жинағы арқау болды. Фестиваль бағдарламасының келесі кезеңінде әдеби байқау өткізілді. Әдеби жарысқа Қазақстанның түрлі облыстарынан қазақтың ұлы ақынының шығармашылығын дәріптейтін 15 адам қатысты.  

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий