Шаймерденов Е. Жан-жақты әзірліксіз // Ленин туы. 1979. – 23 мамыр. – 2 бет

1 апреля 2014 - Садыкова А.

 ЖАН-ЖАҚТЫ ӘЗІРЛІКСІЗ

Есләм Ахмадиев пен Ақзамбек Жанатаевтың «Заречный» совхозының бесінші брнгадасында механизатор болып еңбек еткеніне жиырма жылдан асты. Олар жыл сайын науқандык жұмыстарға белсене араласып үнемі алғы саптан көрінеді. Биыл олар дәнді дақылдар себуде қарқынды кимыл танытып жүр. Күн сайын әрқайсысы СЗС - 2,1 сеялкасынан құралған агрегатпен нормадагы 23 гектардың орнына 30-32 гектар алқапқа тұқым сіңіруде.

Үстіміздегі жылы дәнді дакылдардық әр гектарынан орта есеппен 18 центнерден өнім жинауға міндеттенген «Островский» совхозының диқандары астық үшін күрестің шешуші кезеңіне жұмылған сәтте. Мысалы, шаруашылықта біз болған 19 майға дейін негізгі азык-түліктік дақыл— бидайдың үштен бірінен астамы себілген. Әсіресе Д. Шлейдопец, В. Козлов, С. Вялый сынды майталман механизаторлар жетекшілік ететін тұқым се-бу звеноларының қарқыны жоғары көрінді.

Шаруашылықта болып, егіс барысымен танысқаны-мызда, өкінішке орай, жұмысты комплексті жүргізу жөніндегі жоғары талаптарға жауап бермейтін көптеген олқылықтарды да кездестір-дік. Ең алдымен. мұнда егіс кезіндегі саяси- бұқаралық жұмыстардың жүргізілуі, социалистік жарысты ұйымдас-тыру мен диқандарды мәде-ни қамту ешқандай сын көтермейді.

...Міне, біз № 1 трактор-егіс бригадасының қосында тұрмыз. Ол жұмыс қызу қар-қын алған егіс танантарынан көп алыста —болімшеде орналасқан. Совхоз партия комитетіңің секретары В. И. Си-моновтың айтуынша қос — қазір бригададағы бүкіл саяси-бұқаралық жұмыстардың негізгі орталықтарының бірі, онда ертеңгілік күндізгі кезекке баратын механизатор-лармен әңгімелер өткізіліп, жарыс қорытындылары жарияланады. Совхозда жап-жақсы әрі жылы вагоншалар бола тұрып, механизаторлардың қоналқыға өз үйлеріне келетіні түсініксіз. Мұның өзі таңертең жұмысты ертерек бастауға да кері әсерін тигізетіні байқалды. Біз бригада қосынан әдеттегідей озат звено не жеке механизатор құрметіне көтерілген жалауды да, көрнекі жерге ілінген бригаданың не үшін күресетінін көрсететін нақты мазмұнды плакаттар мен ұрандарды да көрмедік. Ал бригаданың жұмыс көрсеткіштерімен таныспақ болып «жарыс тақтасына» үңілгенімізде оның соңгы рет 10 май күні толтырылғанын көріп таң қалдық. Осы бір өкінішті жәйттің өзі-ақ үгітшілер мен саяси хабаршылардың, кәсіподақ қызметкерлерінің социалистік жарысты ұйымдастыруға өте салақ қарайтынын аңғартқандай еді.
Осы орайда, социалистік жарыс шарттарымен егіншілердің терең таныстырылмағандыгын айту керек. Осы кемшілікті жою мақсатында біз болғаннан бір күн бұрын асығыс таратылған ішінде қажетті деректер бар блокноттар механизаторлардың бәріне бірдей тиіп үлгермепті де. Сондыктан да № 4 бөлімшенің басқарушысы А. С. Братчиковтың өзі бөлімшенің үстіміздегі жылы мемлекетке қанша астық тапсыратындығын қалың папкілерді ұзақ аударыстырып отырып әрең айтты.
Біз болған күні төртінші бөлімшеде А. Карташов басқаратын звено нормадағы 28,6 гектардың орнына 48 гектар жерге тұқым сепкен екен. Сондықтан ауыспалы вымпел осы звеноға тапсырылыпты. Бірак звено агрегатынан ол жалаушаны көре алмадық. Олар еңбек естіп жүрген танап басында да ауыспалы вымпел көрінбейді. Озаттар еңбегін мадақтайтын көрнекі угіт куралы жылжымалы вагоншада да жок.
Егіс кезіндегі саяси-бұқаралық жұмыстардың басты багыттарының бірі диқан қауымды жұмысты сапалы жүргізуге жұмылдыру болып табылатыны белгілі. Соған қарамастан «Островский» совхозының дала қостарының ешқайсысында сапа тақтасы толтырылмайды, Сапа белгісі туралы үлгі ереже жоқ. Осы уақытқа дейін халықтық бакылау топтары меп комсомолдық «қырағы көздер» ешқандай дабыл көтермеген. Тасымал кезінде, сеялкаларға тұқым тиеу кезінде ысырапка жол беріледі. Ал бұған ешкімнің жаны ашымайтыны бізді қатты қынжылтты.
Көктемгі егіске қатысушыларға мәдени қызмет көрсету оларды идеологиялық қамтамасыз етудің басты буыны. Бірақ бұл «Островский» совхозының партия комитетін де, мәдениет кызметкерлерін де онша алаңдата коймайтыны байқалды. Клуб меңгерушісі А. Денисенко жетекшілік ететін совхоздың өз мәдени-угіт бригадасы диқандар арасында әлі бір рет те болмаған. Ал партком секретары бұған орынсыз төзімділік жасап отыр.
Иә, көктемгі егіске қатысушыларды идеологиялық жағынан қамтамасыз ету —партия ұйымдарының бүгінгі таңдағы ең маңызды міндеті екені айқын. Өкінішке орай, аталған совхозда бұған жеткілікті дәрежеде мән берілмей келеді.
Совхоз партия комитеті апрель айының басындағы бір мәжілісінде егіске әзірлік туралы мәселені атүсті қараған. Соның нәтижесінде көктемгі егісті идеологиялық жағынан қамтамасыз ету жоспарында орындалу мерзімі 10 апрель деп көрсетілген шаралар ғана қамтылған. Сол сияқты саяси хабаршылардың тақырыптық жоспары айқындалып, идеологиялық актив арасындағы нақты міндет бөлісу жүргізілмеген.
Тағы бір назар аударарлық жай совхоз партком секретары В. И. Симонов пен совхоз жұмысшы комитетінің председателі В. И. Коваль көктемгі егістің барысы жөніндегі оперативті деректерден хабарсыздығы. Ал В. И. Коваль басқаратын оперативті топтың жұмысы совхоздың диспетчері Л. Юхи менконың журналындағы күн сайын толтырылатын деректерден басқа ештеңе де байқалмайды.
Көктемгі егіс — жергілікті партия ұйымдарының іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілетін танытатын аса жауапты науқан. Сондықтан да «Островский» совхозында қалыптасқан бұл жағдай біздіңше аудандық партия комитетінің назарын да аударуға тиіс.

Е. ШАЙМЕРДЕНОВ, арнаулы тілшіміз;
Преснов ауданы.
СУРЕТТЕ. Ахмадиев (сол жақта) пен А. Жанатаев.
Суретті түсірген И. Катревич


Шаймерденов Е. Жан-жақты әзірліксіз // Ленин туы. 1979. – 23 мамыр. – 2 бет

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий