Шаймерденов Е. Талаптан төмен // Ленин туы. – 1978. – 19 октябрь. – 2 бет.

1 апреля 2014 - Садыкова А.

«Родина» совхозында биыл партиялық оқу жүйесіне 83 коммунист тартылып, насихатшылар құрамы алдын- ала іріктеліпті. Насихатшыларға облыстық Саяси оқу үйінің методикалық материалдары күні бұрын үлестіріп берілген. - ...Міне, біз тыңдаушылармен бірге саяси сабаққа қатысып отырмыз. Тыңдаушылар назары насихатшыға ауған. КПСС Орталық Комитетінің 1978 жылғы июль Пленумының шешімдерін жергілікті материалдарымен ұштастыра баяндағап насихатшы, совхоз директоры Иван Давыдович Коробков тыңдаушылар назарын кейбір кемшіліктерге, оларды жою жолдарына аударды. Шаруашылық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөнінде бесжылдық жоспарын баяу орындауда. Биыл мемлекетке жоспардағы 71 мың центнер орнына 65 мың центнер ғана астық сатылған. Егіннің шығымдылығы төмен. Тіпті № 3 болшшеде бұл көрсеткіш гектарынан 9-ақ центнерден айналған.
Біз бұл күні шаруашылықтағы басқа да саяси оқу үйірмелерінің жұмысына қатыстық. Совхозда осы жүйедегі құрастарды В. Г. Ветровая, А. Ф. Мелютин, В. М. Бочков және басқа насихатшылар жүргізеді екен.
Бір өкініштісі, осы сабақтарға қатынасқанда байқалғандай, жергілікті партия ұйымы оқу жылына ойдағыдай әзірленбеген. Ең алдымен, 29 сентябрьде еткен партком мәжілісінде бұл мәселелер жан- жақты, терең талданбаған. Онда, жиналыс протоколында көрсетілгендей, тек «Насихатшыларды бекіту туралы» ғана мәселе қаралған. Ал биыл арнайы бөлме белінген саяси оқу кабинетінің жұмысы туралы, өткен оқу жылдарында да жетіспеген насихаттың техникалық және көрнекі құралдармен камтамасыз етілу жайы сөз болмаған. Осындай, саяси оқуға атүсті қараудың салдарынан насихатшылар алғашқы сабақтарға жоспарсыз түтіндірілетін тақырыптың тезисін де жасамай келген. Ал, насихатшы И. Д. Коробков тыңдаушыларына келесі семинар-сабаққа әзірленуге тақырыптар да бөліп бермеді. Тіпті ол негізгі және қосымша материалдар тізімін ұсынуды да ұмытып кетті. Ал сабаққа тізімдегі 15 тыңдаушының 8-і ғана қатысты. Сол келген тыңдаушылардың өздері сабақ үстінде лекция бойынша конспекті жазған жоқ.
2 болімшеде коммунистер оқуына жергілікті партия бюросының секретары, агроном Ж. Мырзатаев жетекшілік етеді екен. Ол да белгісіз себептермен сабаққа дайындалмаган. Сабақ ететін жер алдын-ала әзірленбеген. Біздің сұрағымызға ол:
—Алгашқы сабақта негізінен ұйымдастыру мәселелері қаралады ғой, — деп жайбарақат жауап берді.
Жалпы, жаңа оқу жылына осындай төмен өзірлікпен келудің негізгі себебі таяуда совхоз партия комитеті секретарының баска жұмысқа ауысуы болмаса керек. Бұл жерде партком секретарының орынбасары А. Г. Галицкий, басқа да партком мүшелері аса жауапты партиялық іске шын жанашырлықпен қарамаған.
Айта кететін бір жай, «Родина» совхозында бізбен бірге болған аудандық партия комитеті насихат және үгіт бөлімі меңгерушісі В. П. Федоров кемшіліктерді көре тұра, сын -ескертпелер жасау орнына, алғашқы сабақтардың өту барысына ризашылық білдіруі бізді таң қалдырды Керісінше, аудандық партия комитеті, «Родина» совхозының партия комитеті саяси окуды ұйымдастырудың жайын принципті түрде бағалап, тиісті қорытындылар шығаруы кажет-ақ.

Е. ШАИМЕРДЕНОВ,
арнаулы тілшіміз.
Мамлют ауданы.



Шаймерденов Е. Талаптан төмен // Ленин туы. – 1978. – 19 октябрь. – 2 бет.

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий