Шаймерденов Е. Коммунистер: Очерк // Ленин туы. – 1978. – 7 ноябрь. – 3 бет

3 апреля 2014 - Садыкова А.

 КОММУНИСТЕР
Очерк

Темірхан Жанғазин, Зекен Бейсенов, Есенбай Көшімбаев — Аралағаш ауылының кәрі-жасы бірдей құрметтейтін байырғы коммунистер. Жастары сексенді қусырып, шаштарын ақ шалса да, белдері бүгіле қоймаған. Содан болар олар кұрметті демалысқа ерте шыққандарымен қоғамдық еңбектен соңғы жылдары ғана қол узді. Осы өңірде Совет өкіметін орнатуға, революция жеңістерін баянды етуге белсене қатысқан ардагерлер туған дуылдағы толайым өзгерістерге, балалары мен немерелерінің бүгінгі бақытты өміріне қызыға, шын жүректен қуана қарайды.

Есағаң бүгін де әдеттегідей елден бұрын сыртқа шықты. Ауыл әлі ұйқы құшағында. Таңғы самал тынысынан күз лебі еседі. Қария кеуде кере дем алып, осы жазда ғана шаңырақ көтерген жаңа шаруашылықтың орталығы аталған ауыл келбетіне қызыға қарады. Қатар тузеген сәнді көшелер, кеш болса-ақ сауық пен салтанат ордасына айналатын мәдениет үйі мен мектеп кімнің болсын жанарын жаулағандай. Ана бір шолак көшеде — совхоз құрылғаннан кейін салынған тұрғын үйлер. Қырман басында алыстан көрінетін механикаландырылған қос қондырғы да биыл іске қосылды. Ал сонау жаңа басталған құрылыс машина-трактор шеберханасы. Келесі жылы сауда орталығының, балалар бақшасы мен кеңсе құрылысы басталады екен. Сөйтіп, шок-шок кайыңдар арасында табиғатпен жараса қонған ауыл сәулеті арта түспек.

Есағаң оз ойларына өзі кызығып кетті ме, кім білсін, тыныштық кұшағындағы ауылға тағы бір тамсана қарап, үйге кірді. Кеше мектеп дйректорының орынбасары Сұрағанов Молдахметтің арнайы келіп, Ұлы Октябрь мерекесі қарсаңында оңушылар алдыйда естелік айтып беруді өтінгені есіне түсті. Енді оның ой назары сол бір жалыңды жылдарға ауып, жадында қалған көріністер көз алдынан өте берді.

...Ресейде патшаның тақтан кұлағаны туралы «ұзынкұлак»- арқылы жеткен хабар бөлек-бөлек бес жерде отырған ауылдарды түгел аралап кетті. Кедейлер жағы қуанып, жыртык малақайларын аспанға атса, Есмағұл, Садуақас, Нұрахмет, Жұсып, Тасан және басқа байлардың кабақтарынан қан жауды.

Елімізде жас Совет өкіметін тап жауларынан, шетел интервенциясынан қорғау жолындағы шайқас жүріп жатты. Аралағаштықтар да «ақтар», «қызылдар» деген ұғымдарды тез жаттап алды. Ақтар ауыл қотанына ат ойнатып, ойына келгендерін істейтін. Олардан ел қашып, тығылып қалушы еді. Ал содан кейін мұңда шетінен маңдайына қызыл жұлдыз қадаған шлемдер киген атты әскерлер келді. . Олар ақтарды қуып шығып. «Жолдастар, өкімет билігі халықтық», «Жер кедейлерге берілсін!» —деп жар салды. Ленин туралы, революция жөнінде 16 жасар Есенбай өзге де ауылдастары сияқты солардан естіді. Ал бұл кезде оның ауылдас ағасы, ертерек оқу іздеп, Омбы аттанған Зікірия Мүкеев революция жеңістерін ақ гвардияшылардан белсене қорғап, Ұлы Ленин партиясына етуге әзірленіп жүргенді.
Ауылға келген ұлы өзгерістер жаңа идеяларға жанымен беріле қызмет етуге бел буған Есенбайларды тез есейтті. Ол Әділбай Мұратов, Уәли Сәдуақасов, Сейтахмет Сұрағанов, Сәлкей Сәдуақасов, Зекен Бейсенов, Темірхан Жанғазин және басқалармен бірге ауылда Совет өкіметін орнатуға, алдымен байлардың шұрайлы жерлерін кедейлерге тегін әперуге, содан соң оларды конфескелеуге, шаруаларды коллективтендіруге, социалистік шаруашылықты нығайтуға белсене араласты.

...Әрине, Есағаң соңыра оқушылар-алдында осынау тарихтан сыр сабақтайды. 33 жылдан бері КПСС мүшесі Есенбай Кошімбаевтың бұл әңгімесі бүгінгі бүлдіршіндерге- қалай әсер етер екен? Ол әнтек жымиып қойды.

Зекен Бейсенов ақсақал да Есағаң тәрізді мектептегі кездесу кешіне барар алдында көп толғанды. 77—аз жас емес-ау. Өткен өмір жолының бәрі бірдей есте тұра да бермейді. Кейде баласы Ермектің темір тұлпарына қарап, осы ауылға келген тұңғыш тракторды жүргізген екі адамның бірі болғанына іштей шаттанып қояды.
1930 жылы осы маңдағы бес ұсақ мойынсерік «Төңкеріс» колхозына бірікті. Сонда оларда егіншілік құралдарынан — бір-екі тілді соқа ғана бар болатын. Оларды өгізбен тартушы еді. Колхоздың егістік көлемі 400—500 гектардан аспайтын. Өнімі де гектар басы — 10-15 пұттан келетін. Ой-хой десейші, қазіргі шаруашылыктағы өзгерістер жанында мұның бәрі ойыншық сияқты ғой. Зекең жақында совхоз директоры - Мұратбек Жуандықовпен арнайы әңгімелесті. Қазір осы «Аралағаш» совхозында 45 комбайн, 32 трактор (оның 17 -сі К-700), 42 автомашина бар екен. 14 мың гектардан астам егісті күтіп-баптап, шаруашылык жұмыстарын ойдағыдай атқару үшін бұл техника күшінің өзі жеткіліксіз көрінеді. Міне, өскен өмір, өскелең талаптар деген осы емес пе. Ал биыл дәнді дақылдардың әр гектарынан 15,1 центнерден өнім алынып, мемлекетке , астық тапсыру жоспары 125 процентке орындалыпты. Ал қоғамдық ірі қара мал саны 4000-нан астам, жылқы 450 екен. Зекең бұл цифрларды ежіктеп, бірнеше рет қайталап отырып жаттап алды. Іргесін өзі каласқан шаруашылықтың бүгінгі биігің білмеуді ол өзіне мін көреді.
Зекеңнің бүкіл өмірі осы өңірдің тарихымен етене. Колхоз кезінде тракторшы, трактор-егіс бригадасының бригадирі болып қызмет істесе, тың игеру жылдарында жыртылған жердің сапасың бағалап, қабылдап алатын комиссияға мүше болды. Сондықтан да еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жастардың тамаша еңбегіне ол ерекше қанық! Солардың күшімен «Ленинский» совхозы орнады. Аралағаш оның белді бөлімшелерінің бірі болды. Ал қазір өз алдына бөлек шаңырақ кетеріп, совхоз болып отыр. Иә, өткенге ой жіберсең Ұлы Октябрь идеяларының жүзеге асу жолдары мен биік-биік белестерінің бедерлі іздері бірден көзге түседі. Кездесуге шақырған мектеп оқушылары да бүгінгі бақытты өмірдің бастауын білгісі келеді ғой.
Ой жетегінде отырып Қалыпты. Зекең қарня разы сезіммен орнынан тұрды. Өзі 1945 жылдан муше сүйікті Коммунистік партияның басшылығымен атқарылып жатқан жасампаздық істерге деген қуанышы, кейінгі ұрпақтың ардагерлерге арналған ыстық ілтипатына деген алғысы көңілін көтеріп, сезімін сергітіп жіберді.

III.

Темірхан, сен бүгін мектепке кездесуге шақырылғаныңды ұмытқан жоқсың ба? Балалар күтіп қалып жүрер, киініп, дайындалсаңшы.
— Кәмал, осы «Сана» мектебінде 1927 жылы бізбен бірге оқыған қыздар кімдер еді?
— Рас, ұмытып қалғаның ба? Омардың Сәбирасы, Мырзалының Рәзиясы, Бәтемірдің Ділдәсі ғой. Оларды қайтпек ең?

—Бүгін мектепте айтам ғой. Немерелері біліп жүрсін, ауылдағы алғашқы хат таныған әжелерін.

—Сен одандағы біздің ұстаздарымыз Мұраттың Әділбайы мен Мырзалының Байдалысы туралы көбірек айт. Сол 1927 жылы алғашқы комсомол ячейкасы құрылды ғой. Оңы да әңгімелеп бер, жастар білсін.

—Жарайды.
Темекең отасқандарына биыл 51 жыл толған бәйбішесінің әжімді өңіне көз тоқтата қарап қалды. Бүгін күні бойы өткенді еске түсіріп отырғандықтан ба алғаш тіл табысқан шақтары, комсомол кездері туралы ойлады. Мырс етіп күдіп жіберді. Қазір оны сонау күндердегі өткір де өр көрікті қыз қалпында көз алдыңа әкелу де қиын екен. Петропавл педияститутын бітіріп, мектепте ұстаздық ететін қызы Сараны халық театры сахнасында көргенде ылғи сол 30-шы жылдары ауыл сахнасының шымылдығын ашқан Б.Майлиннің «Торсықбай» пьесасында ойнаған Кәмалдың қылықтары еске алатыны бар.

Қарт көңілі ауыл жастарының аталар дәстүрін де сыйлай білгеніне қуанады. Жақында олар аудан бойынша ұлттық , ойындар біріншілігінде жеңімпаз атаныпты. Темірболат Мәлгаждаров, Сара Тілеулин, Дүйсенбай Түленовтер— ат кұлағында ойнаған шабандоз әрі білгір бапкерлер, Қуанышбай Мұхамеджанов, Серік Рүстемов, Сәрсенбай Аюпов сияқты жігіттер балуандық өнерге ден қойған. Осының бәріне қанық Темекең бір кездері өздері қолға қару алып қорғаған Ұлы Октябрь жеңістерінің игілігін бүгінгі ұрпақ көріп, пайдаланып отырғандығына шаттанады. Октябрь революциясына дейін қараңғы қазақ ауылдарының бірі болған Аралағаштан бүгіндері екі ғылым кандидаты, 70-ке жуық жоғары білімді маман түлеп ұшқаны мақтануға тұрарлық жай.

...Аралағаш ауылының алғашкы ауылдық Совет председательдерінің бірі, байырғы коммунист Темірхан Жанғазин осынау тамаша сезімдерін жас жеткіншектерге жеткізу үшін мектептегі ардагерлер кешіне бет алды.

* * *

Міне, ауылда Совет өкіметін орнатып, социалистік шаруашылықты нығайтуға белсене қатысқан үш коммунист қатар, ширақ басып келеді. Олар өздері атқарған жасампаздық істер туралы әңгімелесу арқылы жеткіңшектерді Отанымызды, туысқан Коммунистік партиямызды сүюге, революция ісін жалғастырушылардың лайықты ізбасарлары болып өсуге баулиды.

Ербол ШАЙМЕРДЕНОВ,
арнаулы тілшіміз


Шаймерденов Е. Коммунистер: Очерк // Ленин туы. – 1978. – 7 ноябрь. – 3 бет

Комментарии (0)

Нет комментариев. Ваш будет первым!

Добавить комментарий